Абай ауылына жеткенше асықты. - Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, - деді бір үлкен әйел.
- Бәсе, Телғара ғой... Жаным-ау, мынау... — Телғара! - деді жас әйел.
Абайдың келген хабарын естіп, анасы - Ұлжан мен әжесі – Зере сыртқа шықты. Зеренің ең жақсы көретін немересі — Абай еді. Оның тілеуін тілеп отыратын.
Абай аттан түсті. Ол көп ішінен, ең алдымен, өз шешесін көрді. Соған карай жүре беріп еді, шешесі:
- Шырағым, балам, ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - деді.
Абай әкесіне қарай тез бұрылды. Әкесіне қол беріп амандасты.
Әкесі:
- Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың! Бойыңдай болып білімің де өсті ме? - деді.
Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға белгілі. Ол сабырмен:
- Шүкір, әке, Қазіреттің рұқсатын алып қайттым, – деді.
Құнанбай:
- Бар, енді шешелерін жаққа бар, амандас, балам! – деді.
1-тапсырма. Берілген үзіндіге ат қойыңыз
2-тапсырма . Берілген эпизод үзіндісі бойынша сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап беріп, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Туған ананың күтімі жылы.
Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.
Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Үй баласымен базарлы,
қонағымен ажарлы.
Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек.
Үй болған соң шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.
Үйге келгенде үйдей өкпенді айтпа.
Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.
Үйге ұт кірді —егіншінің көкейіне құт кірді.
"Үйде — атан, түзде — бурамын".
Үйде бір күн ұрыс болса, қырық күндік ырыс кетеді.
Үйдегі есепті базардағы нарық бұзар.
Үйдегі нарық көшеге тура келмейді.
Үйде кісісі көп болса, далада кісі тимейді.
Үйден ұзап шыкпасаң қатынға қадірің болмайды.
Ауылдан ұзап шықпасаң жақынға қадірің болмайды.
Үйде оңбаған түзде де оңбайды.
Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмайды.
Үйде шешен ,дауға жоқ,
Үйде батыр, жауға жоқ.