Абай – ақын, жазушы, қоғам қайраткері,қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым – білім үйренуде, адамгершілік мінез -құлықта деп ұқты. Ол елін еңбекке, өнерге үндеді, мінез –құлықтағы ұнамсыз көріністерге қарсы күресті. Қазақ халқының XIX ғасырдың аяғынан күні бүгінге дейінгі тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай Құнанбайұлының алар орны ерекше. Халкымыздың талай-талай айтулы ақындарынан Абайдың жолы-жөні бөлек, парасат-пайымы кең, өресі өте биік. Оның әрбір сөзінің кең мағынаға толы екендігі дәлелденіп болғандай. Қайсы бір өлеңін оқысаңыз да, әсем сурет, бейнелі де, кестелі мағына-көріністі көресің. Түпсіз терең түңғиықтан ақырын-ақырын шымырлап, келе-келе тұла бойыңды тұтас билеп кететін бір тылсым, құпия сиқыры тағы бар. Абайдың ұлылығы - өзінің өскен орта, туған елінен қол үзбей, қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетін меңгере отырып, орыс халқының мәдениетін өзіне өнегелі мектеп етуінде. Абайдың сезімі өз өлеңдерінен анық көрінеді. Ол өзін жиі жалғыз сезінді, қамықты, әлділердің әділетсіздігіне күйінді. Абай заманында қоғамды өзгерту мүмкін емес еді. Ол ағартушылықтың өмірдегі орнын дәл бағамдап, оны қоғамды дамытушы күш деп білді. Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов.

Объяснение: