Абай құнанбаев 1-ши қара соз такырыбы мен идеясы
кара соз: бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? соны таба алмай өзім де қайранмын.
ел бағу? жоқ, елге бағым жоқ. бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
мал бағу? жоқ, баға алмаймын. өздеріне керегінше өздері бағар. енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
ғылым бағу? жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер жоқ. білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
софылық қылып, дін бағу? жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
бағу? жоқ, баға алмаймын. бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? ң өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? оны да ермек қыла алмадым.
ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? А кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз.Сондықтан қолымызда бар нәрсемен қанағат етейік!