В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Midjdjidjdjxjd
Midjdjidjdjxjd
10.05.2022 10:36 •  Қазақ тiлi

Абай. Поэма "Мазғұт" о чём это поэма, идея этой поэмы.

Масғұт
Я, алла, құрметіне достың Махмұт,
Тілге яр бер, білінсін тұғры мақсұт.
Һаруан - Рашид халифа заманында
Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.

Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа,
Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?
Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде
Кез болды бір бишара шал байғұсқа.

Шал байғұс айғайлайды аттан салып,
Айырып алған жан жоқ оны барып.
Кім де болса, бір ерлік қылайын деп,
Масғұт ұшты ұрыға оңдайланып.

Масғұтты ұры шапты қылышпенен,
Тәуір - ақ жан сақтапты жұмыспенен.
Есен - аман шал дағы құтылыпты,
Масғұттан жау қашқан соң ұрыспенен.

Масғұтқа келді әлгі шал көзін тіктеп,
Көрсе, бастан ағып тұр қан дірдектеп.
Мұның қарызын мен де өтеп кетейінші
Жігіт қой ер көкірек, жау жүрек деп:

- Ей, жігіт, не қылсаң да, ер екенсің,
Көргейсің ерлігіңнің берекесін.
Себеп боп мені ажалдан сен айырдың,
Маған қылған қарызыңды алла өтесін!

Бай емен, батыр емен, хан емеспін,
Атақты артық туған жан емеспін.
Себеп болып айырдың мені ажалдан,
Жақсылықты білмейтін шал емеспін.

Мен - бір шал дүниеде жиһан кезген,
Ертең түсте кетемін шаһаріңізден.
Ертерек пәлен жерден тосып тұрып,
Алып қал бір базарлық, жаным, бізден.

Пұл үшін қызықпассың, сен де - бір ер,
Сені маған кез кылған пәруардигер.
Бір құданың хақы үшін мен тілеймін,
Қабыл көр, сертім үшін қолыңды бер!

- Ұрыға жібермедім мен намысты,
Кім бұлдар мұндай - мұндай қылған істі.
Алла хақы деген соң амал да жоқ,
Барайын, - деп уәде етіп қол қағысты.

Ол жерге ерте тұрып жігіт барды,
Шал да душар алдынан бола қалды.
Қолынан ұстап алып, ертіп барып,
Далада бір бұзылған тамға апарды.

Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған,
Басында үш жеміс бар былқылдаған:
Бірі - ақ, бірі - қызыл, бірі - сары,
- Таңдап ал, мен берейін бірін саған.

Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар,
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.

Ол жігіт шал сөзіне құлақ салды,
Көзін төмен жіберіп, аз ойланды.
Ақ пен сары екеуін алмаймын деп,
Қызыл жеміс жеймін деп қолқа салды.

- Мен беремін, танбаймын айта тұра,
Өкінбесең түбінде жүре - бара.
Ақ пен сары екеуін алмағаның
Мәнісін айтсаң екен, жаным, сірә.

- Мен болсам егер ағын жемек дедім,
Ақылды болдым елден бөлек дедім.
Мен ақылды билемен не қылсам да,
Ақыл мені билесе керек дедім.

Ақылды жан табылмас маған сырлас,
Көріне тентек көп надан мойын бұрмас.
Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды
Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас.

Адам дертті болмай ма құса тартып,
Тұщы ұйқы ұйықтай алмай түнде жатып.
Ептеп бағып, есерге ем таба алмай,
Тәтті тамақ жей алман дәмін татып.

Сарыны жеп, мен болсам байдың өзі,
Аузына тамам жанның болдым сөзі.
Пәленшеден бір нәрсе алсақ - ау деп,
Тігілер жан біткеннің маған көзі.

Показать ответ
Ответ:
гегпнгеггне
гегпнгеггне
11.02.2021 16:00

Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары - Бағдат қаласы. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр замаңда, әр ортаның адамына оқта тектебақ дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.

Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес, Қыдырдың қыдырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да - поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты түрде алынған аңызды жалпы шартты орта деуге болады.

Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адамнравственная личность. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және шартты түрдегі аңыздық бояуды алыптастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қыдыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана бір сылтау десек, соның ар жағында керінетін Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдылықтан қашады Байлықтан қашады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота