Біз Мұқағали туралы сөз қозғасақ, ұлы Абайды айналып өте алмаймыз. Өйткені Мұқағали поэзиясының бастауы оның ұлы ұстазы хакім Абайдан арна тартады. Осы ретте, биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы кең ауқымда тойланғалы жатқанын ескеріп, шағын мақалада Абай мен Мұқағали арналарын түгел ашып айта алмасақ та, көкейдегі кейбір ойларымызды осы ұлы шарамен сабақтастыра отырып ортаға салуды жөн көрдік.
Жалпы, Абай әлемі – ұлтымыздың мінез-құлқы, болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, жаны, тілі, діні, ділі, рухы жан-жақты көрініс тапқан бірегей құбылыс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абайдың 175 жылдығына арналған мерейтой аясында мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарда екенін атап өте отырып, ол шаралардың «той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» екенін алға тартты.
Президент сол мақалада «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз», деп атап көрсетті.
Біздің ең бір ескеретін жеріміз, бұл бағдарламалық мақала алдымен еліміздің абайтанудағы жаңа қадамдарын айқындап беріп отыр. Жалпы, аталған ғылымға әр зерттеуші өз биігінен қарайтыны белгілі. Тіпті, хакім қалыптастырған үлкен мектептің ірі-ірі өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты терең зерделей отырып та Абай әлеміне көз жүгіртуге болады. Бұл ретте Абай табиғатымен рухы үндес ақындар шоғыры қазақ әдебиетінде айтарлықтай көп. Әрине, соның бірегейі, жоғарыда айтып өткен, Абайды темірқазық тұтқан тұлға – Мұқағали Мақатаев.