Абай «Жаз» Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып
Жасы үлкендер бір бөлек
Әзілдесіп сылқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Мылтық атқан, құс салған.
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
1. Мәтіннен жаз мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді жазыңыз.
1.
2.
3.
2-тапсырма. Сұрақтарға өлең мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Жазда ауа райы қандай болады?
Қыз-келіншектер үйді қандай көңіл күймен тігеді?
Бозбалалар жазда немен айналысады?
3-тапсырма. Суреттер бойынша «Жаз мезгіліндегі жайлаудағы демалыс» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.
Тірек сөздер: жайлауға көшу, киіз үй тігу, өзенге шомылу, аққулар, мол дастарқан, самаурын қайнату, әңгіме-дүкен құру, қой бағу, атқа міну
3 задание
Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы. Туған жер арқылы еліңнің өткені мен болашағын байланыстыра аласың. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. Отан дегеніміз не?- деген сұрақ туындайды. Туып өскен жер ме, мәдениет пе, әлде отан ол «үйренген орта»-ма. Әрине, «орта» деген сөзге көп нәрсе кіреді. Қазақ жерінде туса да, туған бетте шетелге кетіп қалған бала, туған елін отаным деп санамайды. Өйткені, туған жерінде өспегендіктен, оған деген ыстық сезім туындамайды. Адамзат өмірінде адам болып туғаннан кейін қазақ жерінің азаматы, баласы болып туу үлкен мәртебе. Олай болса, туған елге деген патриоттықтың алғы шарттары менің пікірімше «Менің елім Қазақстан, мен отанымды сүйемін, мен қазақпын» деген сөздерді айтудан бастау алады. Бірақ, көп адамдар «сүйемін деп» айтуға үйір емес. Біз отанымызда өмір сүріп жатқан кезде отан «Отан оттан да ыстық» дегенге мән бермейміз