Абай «Жаз» Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек ұзарып өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда. Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында құлын-тай Айнала шауып бұлтылдап, Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Өлеңнен жаз мезгілін сипаттайтын 3 тірек сөз жазыңыз
Батырлық жырлар, батырлар жыры— ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы
Кіп-кішкене болса-дағы көлемі, хаттар, хаттар дірілдетер денені. Бір хаттардан жақсылыққа жадырап, бір хаттардан жылап алғың келеді» — деп жазған осыдан көптеген жыл бұрын әскерде қызмет етіп жүргенде жас ақын Таубай Ортаев. Хат өздігінен конвертсіз жіберілмейді. 1820 жылы ағылшынның Брейтан қаласындағы жазу қағаздарын сататын дүкеннің қожайыны Бревер тұтынушылардың өз тауарына деген қызығушылығын арттыруды ойластырып, жарнама жасауға бел буады. Таңертең тұрғындарды таң қалдыру үшін түнімен жұмыс істейді. Дүкен ашып, үлкен терезесіне орасан зор пирамида жасап қояды. Пирамиданың астыңғы бөлігінде газет беттерін басатын қағаздарды қойса, жоғарғы жағы визит парақшалары мөлшеріндегі қағаздармен өрнектеледі. Елден ерекше бұл көрме расында да жұртты қайран қалдырады. Көпшіліктің назары, әсіресе, пирамиданың ұшар төбесіндегі кішкентай парақшаға түседі. Хат жазуға ыңғайлы қағаз. Тек почтамен жөнелту үшін, оны алушының мекен-жайын қайда жазарын білмей әбігер ететіні болмаса. Мұның өзі Бреверді мекен-жай жазуға ыңғайлы жаңа пакеттерді ойлап табуға итермелейді. Дәл сол 1820 жылы тапқыр ағылшын қағаз қалтаның аздаған партиясын жасап шығарып, оны сатылған қағазға қосымша ретінде тегін беретін болды. Аида ХАУМЕТОВА. БҚО, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылы.
1820 жылы ағылшынның Брейтан қаласындағы жазу қағаздарын сататын дүкеннің қожайыны Бревер тұтынушылардың өз тауарына деген қызығушылығын арттыруды ойластырып, жарнама жасауға бел буады. Таңертең тұрғындарды таң қалдыру үшін түнімен жұмыс істейді. Дүкен ашып, үлкен терезесіне орасан зор пирамида жасап қояды. Пирамиданың астыңғы бөлігінде газет беттерін басатын қағаздарды қойса, жоғарғы жағы визит парақшалары мөлшеріндегі қағаздармен өрнектеледі. Елден ерекше бұл көрме расында да жұртты қайран қалдырады. Көпшіліктің назары, әсіресе, пирамиданың ұшар төбесіндегі кішкентай парақшаға түседі. Хат жазуға ыңғайлы қағаз. Тек почтамен жөнелту үшін, оны алушының мекен-жайын қайда жазарын білмей әбігер ететіні болмаса. Мұның өзі Бреверді мекен-жай жазуға ыңғайлы жаңа пакеттерді ойлап табуға итермелейді. Дәл сол 1820 жылы тапқыр ағылшын қағаз қалтаның аздаған партиясын жасап шығарып, оны сатылған қағазға қосымша ретінде тегін беретін болды.
Аида ХАУМЕТОВА.
БҚО, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылы.