Абайдың білім алуы және оның зиялы достарын атап көрсет? Абай нәр алған үш рухани арнаны ата?
Абай өлеңдерінің басты тақырыптары қандай?
Абай көбінесе неге ерекше мән берген?
Абай кімдердің шығармаларын аударды?
Абай шығармашылығының түрлерін ата?
Көмектесіңізші
Негізі әдебиетігі
Найзағайдан қалай қорғану керек ереже:
Көбінесе найзағай биік ғимараттарға, ағаштарға түседі. Сондықтан олардан 50-60 метр қашықтықта болғанымыз дұрыс.Қолшатыр найзағайдан құтқармайды, керісінше апат әкелуі мүмкін. Сол себепті, найзағай кезінде қолшатырды ашуға болмайды.Біз далаға шықпас бұрын, ауа-райын қарап, жаңбыр болады ма тексеруіміз керек. Жаңбыр болса шықпағанымыз жөн.Себебі, жаңбыр жауып жатқанда, найзағай да соғуы ықтимал.Найзағай болып жатса, телефонмен сөйлеспегеніміз дұрыс. Себебі, найзағай кей кезде жоғарыда тартылған электр бағаналарынан өтеді.Егер найзағай түсу қаупі болса, далаға шықпаған жөн.1. Сөздіктердің түрлері өте көп.
1) энциклопедиялық сөздіктер. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталады.
2) лингвистикалық сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады. Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер, т.б.
3) Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытады.
4) түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады.
5) Синонимдер сөздігі сөздің экспрессивті-стилистикикалық реңі мен мағынасын сол сөзге мағынасы жағынан жуық келетін басқа бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды. 6) Омонимдер сөздік тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды. Фразеологиялық сөздіктер тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистик. сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді
Лингвоелтану сөздігі белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды. Топонимикалық сөздіктер жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар. Техниканың дамуына байланысты сөздік түзудің компьютерлік технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын немесе компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық сөздіктер бар.
2. Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.
Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады: 1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б. 2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.
3. Отан туралы мақал-мәтелдер
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Отан елдің анасы, ел-ердің анасы.
Отанды сүю-отбасынан басталады.