В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
kkalipso
kkalipso
30.03.2022 03:18 •  Қазақ тiлi

Абайдың өміріне храналогиялық кесте жасау

Показать ответ
Ответ:
гпү
гпү
25.11.2021 16:10

1845 жыл 23 тамыз – Абай Құнанбайұлы бұрынғы Семей губерниясына қарасты Шыңғыс болысы Сырт Қасқабұлақта Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келді.

1852-1855 жылдары – Абай ауыл медресесінде оқиды.

1855 жыл – Абайдың 10 жасында тұңғыш өлең жазған.

1855-1859 жылдары – Абай Құнанбайұлы Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде оқиды.

1860 жылы – Абай Ділдә Түсіпқызына (Алшынбайдың немереқызы) (1843-1924) үйленеді.

1861 жылы – Абайдың тұңғыш баласы Ақылбай (1861-1904) дүниеге келеді.

1862 жылы – Ділдәдән қызы Күлбадан (1862-1932) туған.

1865 жыл шілде айы – кезектен тыс болыстық сайлауда Күшік Тобықты болысына болыстыққа ағасы Құдайберді Құнанбаев, оған кандидат болып Абай сайланады.

1866 жылы сәуір айы – ағасы Құдайберді қайтыс болды.

1866 жылы – Құдайберді қайтыс болғаннан кейін Күшік Тобықты еліне болыстық қызмет атқарады. Осы жылы болыс болғандығын дәлелдейтін келесі архив деректері:

- 1866 жылы 11 маусым – Абай қол қойған Рапорт (архив дерегі: Омбы қаласына қазақ балаларын орысша оқыту үшін арнайы ашылған мектепке көпшілік ортасынан Баймұса Тәңірбердин деген баланы жіберу туралы).

- 1866 жылы 13 шілде – Абай Күшік Тобықты болысы ретінде «Дело об укочевании казахов рода Урус-Коржау Кучук Тобуклинской волости Куттукбаева и других в Байджигитовские волости» деген Рапорт жазған.

- 1866 жылы 29 қараша – Абай болыс ретінде Рапортқа қол қойған (архив дерегі: қазақ әйелі Кузенова жас баласымен Күшік Тобықты болысынан Миялы қыстағына көшкені туралы).

1866 жылы – Ділдәдән баласы Әкімбай (Хакімбай) (1866-1873) туады. 7 жасында қайтыс болған.

1866-1868 жылдары - Абай Күшік Тобықты болысының управителі болды.

1869 жылы – Абайдың оқымысты баласы Әбдірахман (1869-1895) дүниеге келді.

1870 жылы – Ділдәдән баласы Мағауия (1870-1904) туады.

1870 жылы – Абайдың інісі Халиолла (1849-1870) қайтыс болады

1871 жылы – Ділдәдән қызы Райхан (1871-1896) туған.

1872-1874 жылдары – Абай Күшік Тобықты болысына екінші рет болыс болды.

1873 жылы – әжесі Зере (1785-1873) дүние салады. Құнанбайдың ұйғаруымен Жидебай қыстауының қасына жерленген.

1874-75 жылдары – әкесі Құнанбай Өскенбайұлы (1804-1886) қажылық сапармен Меккеге барады.

1875 жылы – Абай Әйгерімге (шын есімі – Шүкіман) (1856-1919) үйленген.

1876-1878 жылдары – Абай Қоңыр-Көкше еліне болыс болып сайланады.

1876 жылы – Қоңыр-Көкше елінің статистикалық мәлімдемелерін көрсетіп, болыс ретінде қол қойған.

1876 жылы 6 желтоқсан – Семей уезі болыстары орыс-түрік соғысына байланысты қазақ елін патша үкіметіне қаржылай көмек беруге, моральдық жағынан қолдау көрсетуге Үндеу жазған. Абай Қоңыр-Көкше елінің болысы ретінде қол қойған.

1876 жылы – Абай «ІІІ-ші разрядты кафтанмен» марапатталады.

1876 жылы 21 қыркүйек - Үзікбай Бөрібаевтың жалған арызымен Абайдың үстінен Семейдің ұлықтары тергеу ісін қозғайды.

1876 жылы – Әйгерімнен тұңғыш баласы Турағұл (1876-1934) дүниеге келеді.

1855-1881 жылдары – 9 өлең жазады

Объяснение:

Подробная информация

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота