Әже І Тоқыпты әжем алаша, Бояуы қынық тамаша. Көктемгі кемпірқосақты Әжеміз жерге жасапты. ІІ Әже, әже, жатпашы, Ауыр ойға батпашы. Болайын мен дәрігер, Десең; «Шипа дәрі бер!» - Дәрі жасап берейін, Бәрін жасап берейін. Ауыртпаймын әжемді, Ауырмайсың, әже, енді. ІІІ Ауылға шақырған кім? Біздің Бәпи әже. Сусынға ішкізгені не? Қымыз, тары көже. Не жегізді сыйлап? Балқаймақ пенқұймақ... М.Әлімбаев
Әжесінің сабағы
Ойыншықтың жиып ап жана түрін, Түсіндірді ұлына ол ақырын: Болса егер де қоянда қанша құлақ, Соншасының мысықта болатынын.
Сәбилердің мінезі десек түрлі, Қызықтырмас дәл мұндай есеп кімді: Болса егер де сиырда қанша мүйіз, Құлағы сонша екен есектің де.
Тағы айтады ұлына ойланып ап, Болса егер де қанша доп қолда мына: «Адамда да сонша бас бар, - дейді ол,- Тек онымен болмайды ойнауыңа!» Ж.Нәжімеденев
Аналардың анасы
Әпкем - әже баласы, Әкем - Әже баласы. Апамыздың ағасы – Ол да әжемнің баласы. Анам дейді мамашым: Әже деген шамасы – Аналардың анасы. Ә.Табылдиев
Әжем туралы әңгіме
Саусағы сары ала жүзікті, Әрдайым жайдары, Жаз өнді, Көп ертек білетін қызықты Көрсеңдер аяулы әжемді!
Әлдекім әжемнің шашына Әдейі бор жағып қойғандай. Кимешек тартқандай басына Болады ақша бұлт қонғандай.
Куәгер кешегі заманға, Әжеңнен кәрі адам жоқ дейді. Ал жасын анықтап санауға Қолынан түспейді жүргенде Бұрышқа апарып қояды Даладан бөлмеге кіргенде. Қ.Баянбаев
Әже
Сығырайған көзі көрінбей Томар-томар былшықтан, Отырса, бойы аспайды Қолындағы ұршықтан. Алдындағы көженің Көрінбес беті қылшықтан. Көжесін татпай әженің, Жан болмайды құр шыққан?! Сендер де тыңда, тентектер, Тыйылып біраз шолжақтан. М. Жұмабаев
Анамды құрметтеймін. Менің анам мейірімді және еңбекқор адам.Менің анамның жаны нәзік.Оның көздері әрқашанда күлімсіреп тұрады. Анам ардақты , асыл жан.Анам менің қамқоршым, ақылшым. Мен асыл анамды сыйлаймын және құрметтеймін.Өз анам үшін барлық нәрсеге дайынмын..Өйткені мені аялап өсірген -бүл менің .анам.Оған мені күтіп -өсіргені үшін қарыздармын.Келешекте жоғары білім алып ,анамды қуантқым келеді.. Анам мені әдептілікке , әділдікке, еңбекке үйретеді. Менің анам қайратты жан.Менің анам -менің тірегім, бақытым.Мен анамным аялы алақанында өсіп келе жатқаныма ризамын.Мен бақытты баламын.Мен өзімнің анамды жақсы көремін және әрқашанда құрметтеймін.
Әже
І
Тоқыпты әжем алаша,
Бояуы қынық тамаша.
Көктемгі кемпірқосақты
Әжеміз жерге жасапты.
ІІ
Әже, әже, жатпашы,
Ауыр ойға батпашы.
Болайын мен дәрігер,
Десең; «Шипа дәрі бер!» -
Дәрі жасап берейін,
Бәрін жасап берейін.
Ауыртпаймын әжемді,
Ауырмайсың, әже, енді.
ІІІ
Ауылға шақырған кім?
Біздің Бәпи әже.
Сусынға ішкізгені не?
Қымыз, тары көже.
Не жегізді сыйлап?
Балқаймақ пенқұймақ...
М.Әлімбаев
Әжесінің сабағы
Ойыншықтың жиып ап жана түрін,
Түсіндірді ұлына ол ақырын:
Болса егер де қоянда қанша құлақ,
Соншасының мысықта болатынын.
Сәбилердің мінезі десек түрлі,
Қызықтырмас дәл мұндай есеп кімді:
Болса егер де сиырда қанша мүйіз,
Құлағы сонша екен есектің де.
Тағы айтады ұлына ойланып ап,
Болса егер де қанша доп қолда мына:
«Адамда да сонша бас бар, - дейді ол,-
Тек онымен болмайды ойнауыңа!»
Ж.Нәжімеденев
Аналардың анасы
Әпкем - әже баласы,
Әкем - Әже баласы.
Апамыздың ағасы –
Ол да әжемнің баласы.
Анам дейді мамашым:
Әже деген шамасы –
Аналардың анасы.
Ә.Табылдиев
Әжем туралы әңгіме
Саусағы сары ала жүзікті,
Әрдайым жайдары,
Жаз өнді,
Көп ертек білетін қызықты
Көрсеңдер аяулы әжемді!
Әлдекім әжемнің шашына
Әдейі бор жағып қойғандай.
Кимешек тартқандай басына
Болады ақша бұлт қонғандай.
Куәгер кешегі заманға,
Әжеңнен кәрі адам жоқ дейді.
Ал жасын анықтап санауға
Қолынан түспейді жүргенде
Бұрышқа апарып қояды
Даладан бөлмеге кіргенде.
Қ.Баянбаев
Әже
Сығырайған көзі көрінбей
Томар-томар былшықтан,
Отырса, бойы аспайды
Қолындағы ұршықтан.
Алдындағы көженің
Көрінбес беті қылшықтан.
Көжесін татпай әженің,
Жан болмайды құр шыққан?!
Сендер де тыңда, тентектер,
Тыйылып біраз шолжақтан.
М. Жұмабаев
Менің анам мейірімді және еңбекқор адам.Менің анамның жаны нәзік.Оның көздері әрқашанда күлімсіреп тұрады. Анам ардақты , асыл жан.Анам менің қамқоршым, ақылшым. Мен асыл анамды сыйлаймын және құрметтеймін.Өз анам үшін барлық нәрсеге дайынмын..Өйткені мені аялап өсірген -бүл менің .анам.Оған мені күтіп -өсіргені үшін қарыздармын.Келешекте жоғары білім алып ,анамды қуантқым келеді.. Анам мені әдептілікке , әділдікке, еңбекке үйретеді. Менің анам қайратты жан.Менің анам -менің тірегім, бақытым.Мен анамным аялы алақанында өсіп келе жатқаныма ризамын.Мен бақытты баламын.Мен өзімнің анамды жақсы көремін және әрқашанда құрметтеймін.