Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан- байлық. Дастархан басында әрбір түйір нан қаншама адамның ерен еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды. Жерде жатқан нан болса, алып адам баспайтын жерге қою керек. Егер менен Әлемдегі ең асыл не? – дей қалса,бөгелместен:,,Нан’’ – деп жауап берген болар едім. Себебі нан – әлемнің жарығы , Күннен нұр алады, адамға Күннің нұрын құяды, оның өмірін күндей жарқыратады’’
Сарқырама – судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Тым қатты және борпылдақ жыныс қабаттары кезектесе қалыптасқан өңірлермен өтетін өзендер бойында пайда болады. Жиегі үнемі шайылу салдарынан Сарқырама өзен ағысын бойлай жоғары шегіне береді. Су бірнеше кертпештен каскад құрып құлауы мүмкін. Дүние жүзіндегі ірі Сарқырама: Оңтүстік Америкадағы Анхель (биікт. 1054 м), Африкадағы Тугела (биікт. 933 м) және Виктория (биікт. 120 м). Қазақстанда Алтай, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы тауларының өзендерінде кездеседі.[1] Су бірнеше кертпештен қатарынан сарқырама легін құрай (каскад) құлауы мүмкін.