Адал , адал жүрек , адал кəсіп, адал дос, қалың киім, қалың жұрт, қалың бет, қалың қамыс ,қоңыр сиыр, қоңыр жіп, қоңыр дауыс , қоңыр салқын ,қоңыр қүз ,қоңыр қаз, қоңыр жел, қоңыр аю , сары май, сары уайым ,сары уыз ,сары ауыз, сары су сөздеріннің мағынасын жазыншы утынем
Берілген сөздердің мағыналары:
Адал адам: ешкімнің ала жібін аттамайтын, алдамайтын, жүрегі таза, пейілі ақ адам;
Адал жүрек: алдамайтын, пәк, таза жүрек;
Адал кәсіп: ешкімді алдамайтын адал еңбек;
Адал дос: қуаныш пен қайғыны да бірдей бөлісіп, әрдайым жаныңнан табылатын дос.
Қалың киім: жылы киім;
Қалың жұрт: көп адам, халайық, халық;
Қалың бет: ұятсыз;
Қалың қамыс: бітік өскен қамыс;
Қоңыр сиыр: қоңыр түсті сиыр;
Қоңыр жіп: қоңыр түсті жіп;
Қоңыр дауыс: әдемі, құлаққа жағымды естілетін дауыс;
Қоңыр салқын: самал;
Қоңыр күз: мизам шуақ, күздің соңы;
Қоңыр қаз: қоңыр түсті қаз;
Қоңыр жел: салқын самал жел;
Қоңыр аю: қоңыр түсті аю;
Сары май: нанға жағып жейтін май;
Сары уайым: қатты уайым;
Сары уыз: жұмыртқаның сарысы;
Сары ауыз: жас немесе балапан;
Сары су: ашыған сүттің іріткісі немесе қанды ірің/жалқаяқ.