В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Redimer
Redimer
07.01.2021 23:05 •  Қазақ тiлi

Адам үшін ең қымбат нəрсе-денсаулық.

4-5сөйлем

Показать ответ
Ответ:
Stasonka
Stasonka
14.01.2021 16:00

ответ:Бұл жалғанда өмір күні қысқа

Бірер жыл мен қыс өтер.

Жүрегіңмен жол тауып,

Мақсатыңа қолың жетер

В.Тушнова

А үшін ең қымбат нәрсе - өмір екені бәрімізге мәлім. Қайталап айтқым келеді, адам үшін ең қымбат нәрсе – ол Оның өмірі. Сондықтан, өз ӨМІРІҢДІ бағалай біліуің керек. Әрине, қасындағы адамдарды – жақындарыңды, туыстарыңды, әріптестерің мен достарыңды, құрбыларың мен көршілеріңді, таныстарың мен өмір жолында кездесетін әрбір тірі жанды сүю қажет, бұл өте маңызды.

Жалғыздық, кездесу қуанышы, жүрек жылуы, түңілу реңіші, жеңіс шаттығы сияқты сан-алуан өткелдерден өткізетін, еш толастамайтын өмір биі неткен ғажап, неткен керемет десеңші, сондықтан өмірді сүю абзал. Кейде көк аспан тұңғиығына үңілгенде, түңгі аспанда шашыраған мыңдаған жұлдыздарға қарағанда, әлемнің ғаламатын тағы да бір түсініп, өзіңді алаңдатып, қобалжытып жүрген қиындықтардың еш тұрғыссыз, әрі маңызы жоқ дүние екеніне көзің жетеді.

Кейде уайым жетегіне түсіп, әлдененің жетіспеушілігіне налып, немесе кемшіліктерді көтере алмай, өмірден түңіліп жүргенде, өмірдің тамашасы мен кереметің ұмытып кетесің. Барлығын ысырып тастап, өмірге тек сол қиындық көзімен қарап, түймедейді түйедей қылу тағы бар. Өмір қиындыққа айналып, сол қиындықтың реңіне боялып (жетіспеушілік, уайымға салыну, налу және т.б.) ақыр соңында, шешімі жоқ тығырыққа тіреледі.

Біз маңызды емес нәрселерге көп көңіл бөліп, сарқ ұрамыз. Ал, ол нәрселердің барлығы, түптеп келгенде - жалған дүние...Қиындыққа ондай көзқараспен қарамай, еңсеңді түсірмесең, әрбір қиындықтың шешімі бар екенін түсіңесің.

Кейбір адамдар, әрқашан көңілді, ақ-жарқын жүреді, оларға қарап, бұл құдайдан берілген ерекше қасиет, ондай әркімде бола бермейді деген ойға келесің. Шын мәнінде, ол адамдар өмірге қуана біледі. Ал басқа біреулері қолда барың қанағат тұтпай, жақсылықтың өзінен кінәрат іздеп, әрқашан уайым-қайғыдан көз ашпайды. Өкінішке орай, соңғы кезде жасөспірімдер арасында өмірден түңілу салдары көрініс беріп, суицидке ұласып жатыр, психикалық бұзылыстар, күйзеліске қарсы тұра алмау, артық қобалжу, өздігінен шешім қабылдаудан қорқу, үрейге бой ұсыну, агрессияға жол беру және т.б. жиі байқалуда. Сол себептен, соңғы жылдары психикалық денсаулық мәселелеріне, әсіресе, балалар денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.

Соңғы жылдары пайда болған денсаулық сақтау технологиялары Қазақстанымыздың өскелең ұрпағы денсаулығын сақтауға, қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған барлық әдіс-тәсілдерді біріктіруді көздейді.

Бүгінгі күні Қазақстан халқы жасөспірімдерді өздігінен өмір сүруге толыққанды дайындауды мақсат етіп, сол үшін балалардың бақытты өмір сүруіне қажетті барлық алғышарттарды қалыптастыруға тырысып бағуда. Бұл мақсатқа денсаулықсыз қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, балалар денсаулығын қамтамасыз етіп, олардың бойында денсаулық мәдениетін қалыптастыра отырып, болашақ ұрпақ үшін бақытты өмір негізін қалаймыз.

Қазақстан Республикасында 2016 жылдың 10 қазаны «Өмір – қолымдағы ең қымбат нәрсе!» ұранымен дүниежүзілік психикалық денсаулық күні өткізіледі.

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатымен Ана мен бала орталығында психикалық денсаулықты сақтауға және нығайтуға арналған балаларға, ата-аналарға, медициналық персоналға жеке кеңес беру, семинарлар, психологиялық тренингтер, психологиялық алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Баланың өмірі, оның болашағы, жетістіктері мен табыстары оның денсаулық жағдайымен тығыз байланысты екені бәрімізге мәлім.

«Денсаулықтың» 300-ден астам анықтамасы бар. Солардың негізгі топтарын іріктеп алатын болсақ, мыналарды көреміз:

аурудың немесе физикалық ақаудың жоқ болуы ғана емес, сонымен қатар физикалық, психикалық және әлеуметтік хал-ахуал жағынан толық саулықта болу;

ағза, тұлға бойындағы барлық физикалық және рухани қабілеттердің (өмір сүру қабілеті) жиынтығы;

нақты әлеуметтік және экономикалық ортада генетикалық әлеуетті іске асыру барысында адамға биологиялық және әлеуметтік функцияларын әртүрлі деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін толыққанды жан-жақты динамикалық қалып.

Осылайша, денсаулық мәнін әртүрлі анықтамада түсінуге болады, бірақ әрбір анықтамада тұлғаның психологиялық (рухани) денсаулығы маңызды буын ретінде қарастырылады.

Денсаулық психологиясы дені сау адамды, оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның патогенді факторлары әсер етекен кезде денсаулығын сақтап қалуға мүмкіндік беретін психика ресурстарын қарастырады.

Қорытындылай келе, балалардың психологиялық денсаулығын сақтау үшін оларға өмірді сүюді үйрету керек екенін сенімділікпен айта аламыз. Бұл үшін арнайы құрылған әсер етулер арқылы депривацияның жағымсыз ықпалын жою қажет. Және ата-аналарға балалармен дұрыс қарым-қатынас құру, оларға психологиялық қолдау көрсету және отбасы мен мектепте қолайлы психологиялық климат тудыру әдістерін таныстырып, психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу қажет.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота