Адам тану - даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім
қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені,
оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылта
себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын. Жүсіп
Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп.
Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да,
жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым,
мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-
ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол
мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйіні
тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы,
қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан
дүниесінің айнасы.
- Мәтін не туралы?
- Данышпан бабамыз Ж.Баласағұни не деп айтқан екен?
Балалар, сын есімдерді табыңдар
- Мәтіннен заттанған сын ес 172 Каз.
Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме? тақырыбына диалог құрастыру.
Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?
Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?
Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.
Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?
Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.
Объяснение: