Ахмет Байтұрсынұлы Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Ал әкесінің інісі – Ерғазы кішкентай Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне оқуға берген.
Тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы" деген атақты алып шығады.
1895 жылы жас Ахметтің оқытушылық қызметі басталады. 1909 жылға дейін ол Ақтөбе, Қостанай мен Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде сабақ беріп, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші мен оқытушы қызметін қоса атқарып жүрді.
Омбыда екі жыл бойы Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымында жұмыс істеді.
Ахмет Байтұрсыновтың замандасы әрі қаламдасы Мұхтар Әуезов 1923 жылы Ахметке арнаған мақаласында, оның тегі жөнінде былай жазған:
"... Сүйегі-Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. Бергі аталары Үмбетейден шыққан Шошақ, Түбек. Ақаң Шошақтың немересі. Өз әкесінің аты —Байтұрсын".
1. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Ахмет Байтұрсынұлы орыс-қазақ мектебін қанша жасында бітіреді?
А) сегіз В) тоғыз С) он Д) он бір
2. Ахмет Байтұрсынұлы меңгерушілік және оқытушылық міндетті қай қалада атқарады?
А) Қарағанды В) Қостанай С) Қарқаралы Д) Қызылорда
3. Ахмет Байтұрсынұлы қашан дүниеге келген?
А) 5 қыркүйек 1871 В) 6 қыркүйек 1871 С) 5 қыркүйек 1872 Д) 6 қыркүйек 1872
4. Ахмет Байтұрсынұлының атасының есімі?
А) Шошақ В) Шашақ С) Шақпақ Д) Шашпақ
5. Ахмет Байтұрсынұлының әкесінің інісінің есімін көрсетіңіз?
А) Серғазы В) Ерғазы С) Ғазымбек Д) Орынғазы
6. Ахмет Байтұрсынұлы «бастауыш училищенің оқытушысы» деген атақты қашан алады?
А) 1893 В) 1894 С) 1895 Д) 1896
7. Қай қаладағы училищеде директордың іс жүргізуші лауазымында жұмыс істейді?
А) Орынбор В) Тобыл С) Омбы Д) Қызылжар
8. Ахмет Байтұрсынұлының руын көрсетіңіз?
А) Найман В) Уақ С) Арғын Д) Керей
1. В) тоғыз
2. В) Қостанай
3. С) 5 қыркүйек 1872
4. А) Шошақ
5. В) Ерғазы
6. С) 1895
7. С) Омбы
8. В) Уақ
Объяснение: