В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
diana29102004
diana29102004
16.09.2021 06:08 •  Қазақ тiлi

Ахмет Байтұрсынов-ұлт ұстазы напишите соченение ( 100-150 слов

Показать ответ
Ответ:
Zzzz151
Zzzz151
11.10.2021 16:36

Сөз өнері. Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, онық өзін анық танып, біліп алған жөн.

Біз әдебиеттің теориясын толғамақпыз. Ал осы әдебиет дегеннің. өзі не нәрсе?

Әрине, ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын — сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенің, орысша литература деген атаудың латын сөзі (Ііііега) екенін — әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес. Көркем әдебиет дегеннің байыбына бара түсу керектігін айтқанда, біз жұрт алдына мұншалық жадағай, әріпшіл талап қоюдан аулақпыз.

Бірақ мынаған назар аудармасқа бола ма?

Университет аудиториясында емтихан жүріп жатыр Әдебиет тарихынан сабақ беретш тәжірибелі ұстаз алдында жас шәкірт отыр. Арада — стол үстінде бір жапырақ билет: бірінші сауал — Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романы.

Ұстаз тыңдайды, шәкірт сөйлейді.

Обалы не керек, шәкірт сөзге кенде кіснің түрі емес, орағыта жосылтып, сілтеп отыр:

—«Қарағанды» — Қарағанды туралы жазылған шығарма Қарағанды болғанда, ол жерден өткен ғасырда Апақ дегеннің алғаш рет көмір тауып алғанын Ғабит Мүсіреп-ов өзінің «Оянған өлкесіңде» айтып өткен болатын. Ал мына кітапта Мұстафин жолдас сол Қарағандының, біздің, дәуірімізде қалай өсіп-өркендегенін, оның бүкіл Одақ көлеміндегі орасан зор көмір алыбына қалай айналғанын жазады. Өндірісте маман кадрлар коллективі ұйымдасып, оның көмір өндірісін одан әрі өркендеткенін айтады. Бұрынғы өндіріс құралдары ат барабан, қолбұран, тәшке болса, кейін техниканың врубмашина, электровоз, көмір комбайны сияқты күрделі түрлері шығып,

қол жұмысы жеңілдегенін баяндайды. Өндірісте бұрын-соңды болмаған ашык шахта қалай пайда болғанын сөз етеді…

Ұстаз шәкіртті ұзақ тыңдады, үлкен төзіммен тыңдады. Сырттай қарағанда, онын, айтып отырғаны өтірік емес: «Қарағанды» романында осындай идеялық мақсат бар екені рас. Алайда дәл осы идея қалай көрсетілді, қандай көркемдік шешім тапты? Бұған әдеби-эстетикалық сауатты жауап жоқ. Сондықтан ұстаз шәкіртті амалсыз бөліп:

— Жә, осы шындық романда калай жинақталған? — деді. Шәкірт аңыра тоқтады:

— Жинақталған?

— Иә, жинақталған… Обобщение деген мағынада ғой.

— Обобщение?

Енді ұстаз таңдана бастады:

— Өзің обобщение, яки жинақтау дегенді түсінбей отырғаннан

саумысың? _

— Сенің әлгі айтқандарың — көркем шығарма емес, техникалық кітаптарда жазылатын жайлар. Әдеби туындыларда бұл шындық жинақтау арқылы көрінуге тиіс. Мен соны сұрап отырмын.

Шәкіртте үн жоқ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
RyashenkoNastya
RyashenkoNastya
05.03.2020 21:04

1.Ассаммлеяның негізгі мақсаты этнос өкілдері арасындағы жолдастық, достық жолдарды нығайту.

2.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар.

3.Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

4.Әзірбайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк т.б. халықтардың ұлттың мадени орталықтарының жанында бірнеше жексенбілік мектептер жұмыс істейді.

5.Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын Қазақстан халықтарының ең жаңа сөздері фестивальдарын,көптеген конференциялар мен меминарлар өткізіп тұрады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота