В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
kapitan2001
kapitan2001
05.05.2023 02:13 •  Қазақ тiлi

Акын колбасшы эссе про махамбета отемисулы

Показать ответ
Ответ:
Мария017
Мария017
03.10.2020 05:39
Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. «Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе», т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты. Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен — он ұл, Шыбынтайдан — төрт ұл, Қобылайдан — үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген — қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.

1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған «енді қайтып бүлікке қатысушы болма» деген ескерту жасап, босатады.Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота