Қазақша шығарма: Менің туған жерім - егеменді Қазақстан Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті
Астана ең алғаш ел ордасы болған кезде оның жағдайы нашар болған еді. Астана қазір өте қарқынды дамып келеді. Астанаға барған адамдар 2-3 жылдар өте барса, танымай да қалады. Көркем де, ғажайып сұлулығы көз тартар зәулім үйлер өте көп. Концерт залдары, Және қазір өте үлкен опера және балет театры салынуда. Біз Ел- басымызға көп алғыс айтуымыз керек. Астана күн сайын өзуде десек те болады. Ол сондай ғажайы қала. Болашақ қаласы да деп айтса болады. Және тағы көптеген ғимараттар көзді ашып жұмғанша жайын болуда. Тағы айта кетер жайт- "Экспо -2017" ол да, Ел ордасы Асанамызда салынбақшы! Астана, барлығымыздың саған айтарымыз "Көркейе бер!" Астана арман қала.