Қыстап қалатын құстар -торғай,көгершін,сауысқан, қарға.Қыстап қалатын құстарға азық табу қиын.Сондықтан олар ауыл маңайында жүреді.Қыстап қалатын кұстардың түрі,түсі дене пішіні жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.Қарға, сауысқан кез келген тамақты көрек ететін құстар.Торғай. көгершін адамға жақын жүреді.Адамдар оларға жем береді.Суықтан құстарды қалың мамықтары сақтайды.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар ағаштарды зиянды құрттардан сақтайды. Сондықтан құстарға жем шашуды ұмытпау керек.Құстар біздің досымыз.
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.