Алаш а. айт. ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ мәтіннің мазмұнын талда. рағаннан Эйлем ертіп, айбары асқанын дәріптейді. -тапсырма. Мәтінді оқы. «Оңай және қиын сұрақтар кестесі» бойынша «Алаш» деген ортақ түріКТІК атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті) ыды- І кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының алаш болғанда, Алаша хан болғанда бұл қалмаққа не қылмадық?» деген басын біріктіретін ұран болған СИЯҚТЫ. Ал енді қазақтың «Алаш» ұраны «алаш сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деуге болады. Бұл орайда Саққұлақ бидің шежіресін, Ә. Диваевтың, Г.Н. Потаниннің, Ш. Уәлихановтың, А. ЯнушкевичТІҢ, Ш. Құдайбердіұлының, М.Тынышбаевтың ел ара- атаған жөн. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғанын, қара халықты соңынан Сынан жинаған аңЫЗ-ӘҢГІмелерін, күнделік жазбалары мен ғылыми мақалаларын Ескі шежіре деректерінде «алаш» атауы «қазақ халқы» тіркесінің синонимі ретінде қолданылады. Мысалы, Қадырғали Жалайыри өз еңбегінде қазақтың орнына «алаш» атауын қолданады. Шежірелердің бірінде алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, Қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. «Қамбар батыр» жы- «алаш» сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. рында, Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында, Махамбеттің өлеңдерінде жолындағы күресінде ежелгі «алаш» ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде «Алаш қозғалысы», «Алашор- сүйетін, соған өмірін арнаған адам» дегенді білдіреді. да», «Алаш» деген ұғымдарды атауға болады. «Алаш азаматы» деу «өз халқын ХХ ғасырдың басында құрылып, осындай аса маңызды ат алған «Алаш» партиясының құрамына ұлттық сана-сезімі өте жоғары, ілім-білімді терең меңгерген тұлғалар жиналды. Өздерін «алашордалықтар» деп атаған бұл зия- лы қауым қазақ үшін, елінің болашағы үшін құрбан болудан қорықпады. Ұлы мұрат жолында өмірлерін қиды. Өйткені олар - Шын мәнінде нағыз ұлтжанды Н H ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік «Атамыз – Алаш, керегемІЗ. emi ар- азаматтар еді.
Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұндар тарихта жақсы белгілі. Жоғалып кеткен халықтың аты жауынгерлікпен, қатыгездікпен және тағылықпен ұштасып жатады. Б.з.б. ІІІ ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер жасақтап өздерінің мемлекетін құрды. Алайда, ғұндардың алғашқы билеушісі Тұман шаньюйдің тұсында қытайлармен жүргізілген қақтығыстан мемлекет біршама әлсіреді. Ғұн мемлекетінің айтарлықтай нығайып, күшеюі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ол ғұндардың «Шығыс империясын» б.з.б. 209-174 жылдар аралығында басқарды. Мөде шаньюй ғұн мемлекетін нығайту мақсатында Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы береді. Қытайлар ғұндардан қорғану үшін б.з.б. ІІІ ғасырда бар болғаны 2 жыл ішінде ұзындығы 5 мың шақырым, биіктігі 6-10 метр, ені 5-6 метр әскери қорған салғызуға мәжбүр болған. Ол тарихта «Ұлы Қытай қорғаны» деп аталады. Б.з.-дағы ІІ ғасырда ғұндар оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Б.з.б. 188 жылы Қытайдағы Хань әулетінің императоры Гао-цзу ғұндардан жеңілгеннен кейін Мөденің алдында бас иіп, «тыныштық пен бейбітшілік» туралы келісім-шартқа қол қоюға, жыл сайын салық төлеп отыруға мәжбүр болады. Ғұндар үйсіндердің бір бөлігін, саян-алтай тайпаларын талқандап, Қытайға қарсы табысты соғыстар жүргізген. Соның нәтижесінде ғұндар Байкалдан Тибетке дейінгі, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі зор аумаққа иелік етті.
2. Ғұндардың қазақ жеріне алғаш қоныс аударуы. Этникалық құрамы жағынан әр текті көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағы арқылы батысқа қарай жылжуы тарихта – «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті өзара ішкі тартыстар мен сыртқы қысымдардың әсерінен күйреуге ұшырап, оңтүстік және солтүстік ғұндар мемлекеті болып екіге бөлінеді. Мемлекеттің оңтүстік бөлігін Хуанхэ шаньюй, ал солтүстік бөлігін оның інісі Чжи-Чжи басқарды. Солтүстік ғұндардың ордасы Монғолияның солтүстік-батысындағы Қырғыз-Нұр көлінің маңына орналасады. Осы жерден олар үйсін тайпаларына және Қытайға жорықтар ұйымдастырды. Солтүстік пен оңтүстік ғұн мемлекеттері арасында жер мен билік үшін өзара қырқыс басталды. Уақыт өте келе оңтүстік ғұндар Хань империясына бағынды. Ал, солтүстіктегі ғұндар Хань империясы мен оңтүстіктегі ағайындары жиі-жиі шабуыл жасап мазасын алған соң тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында Солтүстік Монғолия және Шығыс Түркістанға қарай қоныс аудара бастады. Бұл ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия аумағына қоныс аударуының алғашқы толқыны еді. Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныстануына байланысты Шығыс Иран тайпаларының, қаңлылардың түркіленуі басталады.
Б.з.б. 55 жылы Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударуда ғұндарды Чжи-Чжи басқарды. Олардың, бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Қаңлылармен одақтаса отырып, ғұндарды біріктіру мақсатын көздеген Чжи-Чжи өз қарауындағы ғұн тайпаларымен бірге Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жеріне қоныс аударады. Осындай жағдайда Қаңлы ханы Чжи-Чжимен одақ құрып, оны үйсіндерге қарсы пайдаланбақ болады. Осы мақсатпен қаңлы ханы Чжи-Чжиге Талас алқабынан жер бөліп беріп, өзінің атты әскеріне қолбасшылыққа тағайындайды. Алайда Чжи-Чжи бастаған ғұн тайпалары қаңлылардың үмітін ақтамайды. Осыдан кейін Чжи-Чжи қаңлы билеушісінің қосынынан қуылып, Талас өзенінің жоғарғы жағына кетіп, сол жерден өзіне қала тұрғыза бастайды. Чжи-Чжи Ферғана мен Парфия билеушілерінен қала құрылысына алым-салық ретінде қаржы алып отырады. Қаланы салуға құрылысшы мен шеберлерді де сол жақтан пайдаланады. Қала 2 жылда салынып бітіп, сырты мықты екі қорғанмен қоршалды. Оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар кесек топырақтан тұрғызылған дуалдан болатын. Чжи-Чжидің күшеюінен Қытай империясы қатты алаңдайды. Көп кешікпей жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері оған қарсы жорыққа шығады. Б.з.б. 36 жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас аймағында 2 күнге созылды. Чжи-Чжи өз қаласын қорғауда римдік қолбасшы Марка Крас армиясының жауынгерлерін пайдаланады. Алайда ғұндардың қаһармандықпен қорғанғанына қарамастан қытайлар қалаға басып кіріп, қамалды басып алады. Чжи-чжи және оның әскерлері мен көптеген туыстарын қосқанда барлығы 1518 адам тұтқынға түседі. Қытайлар Чжи-Чжидің басын алып, 1200-дей жауынгерін үйсін мен Ферғана билеушілеріне сыйға тартады да, қалғандарын өлтіреді.
Қазақ отбасында.
Дәстүрлі қазақ отбасында қариялар, яғни аталарымыз бен әжелеріміздің алар орны ерекше.
Аталарымыз - халықтың, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария. Ал әжелеріміз болса, тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі.
Ал бізге жарық дүние сылйаған әкеміз бен анамызыдң алдындағы һмірлің перзенттік парызымыз туралы ешқашан ұмытуға болмайды.
Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.
Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін!