Алатау мен Алтайда тау шаңғысы жолдары жұртқа мен мұндалап тұрады. Мәселен, Шымбұлақ базасына барып, бір
мәрте шаңғы теуіп қайтуға барша жұрт құмар. Спорттың осынау
қиын түрін ұнататын жүздеген, тіпті мыңдаған жас бұл жерлер-
ге Қазақстан түгіл, күллі әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады.
Ересектер шаңғы тепсе, балалар шанамен сырғанайды.
#
ыңа хат жаз.
кірді дәлелдеп,
ұлттық
Эңгімеге
«Тоғыз
ереже-
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған)
Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.
Сын есім - заттың түрін, түсін сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай Сапалық және қатыстық деп бөлінеді. Тұлгасына карай:Негізгі жане Туынды деп бөлінеді.
Зат есім - дегеніміз заттың,құбылыстың,ұғымның атын білдіріп,кім? не? кімдер? нелер? деген сұрактарга жауап береді.