Алдаркөсе Алдаркөсе - қазақ ауыз әдебиетіндегі халық арасына көп
тараған ұнамды, күлдіргі кейіпкер. Ор кезде өмір сүрген
акылды да айлакер, тура да тапқыр, жарлы-жакыбайдың
камын жеген діл адамның жиынтық бейнесі. Ол бірде жү-
сырткадан жүн қырыққан дүниеқоңыз Шықбермес Шы.
габайдың басын шыр айналдырса, бірде тиыннан теңге
күраған саудагердің өзін мұзға отырғызып кетеді.
Халық пасық. надан балаларға, суайт саудагерлерге өз
өкілі - Алдаркөсені қарсы қояды. Сөйтіп, ел өз көзқарасын,
тілегін Алдаркөсе арқылы танытып отырған.
«Ол кім? Бұл не?» кітабынан
А) кейіпкерге қатысты маңызды ақпараттарды жаз
а) «Суайте сезінің мағынасын жаз
Б) Мәтіннен күрделі мүшелі бір сөйлемді тауып, жаз
В) Мәтінен бір уай мүшелерді тап, астын сыз
Сызба бойынша бірыңғай мүшелері бар сөйлем құрап жаз
Болашақ мамандығым - дәрігер
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам екі нәрседен қателеспеу керек. Біріншісі жар таңдағанда, екіншісі мамандық таңдағанда. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Болашағымды таңдаған мамандығыммен байланыстырамын. Ол үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқып, медициналық университетке түсуім қажет.
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер - ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Сондықтан «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз. Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.