Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
Елордасы Астана болашағына айқын, әрі нық қадам басып келе жатырған жасампаз қала. Қилы замандарды басынан өткеріп келген қазақтың астанасы түрлі жерлерге табан тіреді. «Қисық таяқтың көлеңкесі де түзу болмайды» демекші тоталитарлық жүйе қазақ еліне талай зиянын тигізіп, ел ғылымы мен білімінің дамуын кертарталықпен үнемі кешеуілдетіп отырды. Тарихи дерек көздерін арқау етсек,сонау 1979 жылы қазақ жерінде неміс автономиясын құру жоспары жасалған болатын. Ал сол автономияның орталығы Целиноград болып бекітілуі қажет еді.Сол кездегі Целиноград қазіргі Астана еді. Ел ағаларының арқасында төнген қауіп сейіліп, еліміздің іргесі бүтін қалды. Өзге халықтардың көпшілігі тоқырауға ұшырап жатқанда, жаңа заманға жасампаздықпен қадам басып келе жатырған еліміздің жүрегі – Астанамыз таңдаған сара жолынан жаңылмастан мақсатына әр қадамын басқан сайын жақындай түсуде. Елбасымыздың «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»деген сөзімен ойымды түйіндей келе еліміздің жүрегі әрқашан соғуын тоқтатпай, көркейіп, гүлденіп, еңбекқорлығы мен жасампаздығымен әлемді таңғалдырудан талмай, «Мәңгілік ел» екендігін дәлелдесе екен.
Ия, əлемдік марапатқа лайықты
Объяснение
мине: