Александрия кітапханасы өртенген жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған » деп қорытындылайды профессор Ерeнғайып Омаров . Өкінішке қарай даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен , ғылым , білім , өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік . Осы кітапханадан білім алған , бүкіл әлем мойындаған Әбу - Насыр әл - Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық . Отырардын өзінде әл - Фарабиден де білімі жоғары , оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін . Себебі Отырар кітапханасын әл - Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті . Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті . Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек , бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық . Ол кітаптарды сатып алу , жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек . Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі . Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған . Халиф әл - Мамун ( 813-833ж . ) Бағдат қаласында « Байт Әл - Хакма » ( Даналық үйі ) атты ғалымдар үйін ашып , дүниенің түкпір - түкпірінен ғалымдар шақырып кітапхана қорын әзірлеген . Обсерватория ашқан . Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған . Бұл « Даналық үйінде » Орта Азияның , гректің , парсының , Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады . Солардың еңбегінің арқасында кейін « араб өркениеті » деген түсінік пайда болды . « Даналық үйінде » ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл - Хорезми басшылық жасады . Әбу Насыр әл - Фараби де Бағдат халифiнiң шақыртуымен Бағдатқа барған . Осы кездегі Бағдат Халифiнiң басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар . Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді , қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек , Фараб қаласының бұл заманда ғылым - білім , мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті . Ғылым - білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб - Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз Кейін ғалымдар « Ұлы Жібек жолы » деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз . Көрсетілген X ғасырларда кітапхананың жоғарғы маңызға ие болды . Отырар кітапханасында әл - Фараби еңбек етт этинем тез швгарип берин дерш
Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Кез-келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді. Жалпы қалалар мен ауылдардың дамуы бір-бірімен тығыз байланысты.
кімнің? - адамның, кімдердің? - адамдардың
кімге? - адамға кімдерге? - адамдарға
кімді? - адамды кімдерді? - адамдарды
кімде? - адамда кімдерде? - адамдарда
кімнен? - адамнан кімдерден? - адамдардан
кіммен? - адаммен кімдермен? - адамдармен