Алматы қаласы 1929 жылы астана қызметін атқара бастады. Осы кезден бері ауқымды
құрылыстар жүргізіле бастайды. Қазіргі
күнге дейін де Алматы қаласы
Қазақстандағы ірі қалалардың бірі мен
елдің мәдени орталығы болып табылады.
Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі.
Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10
желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің
1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен
Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері
1998 жылғы 10 маусымда өтті.
1920-1925
жылдары
астана қызметін
Қазақстанның
атқара бастады
астанасы болған
қала.
Жарлығымен
1925-1929
Ақмоланың атауы
жылдары
Астана болып
Қазақстанның
өзгертілді
астанасы болған
қала.
Орынбор
Президенттің 1998
жылғы 6
мамырдағы
Қызылорда
Алматы қаласы
1929 жылы
Облыс құрамына үш қала кіреді: Павлодар, Екібастұз, Ақсу, төрт поселке мен он ауылдық аудан. Облыс орталығы – республиканың көне, әдемі қалаларының бірі Павлодар қаласы, ол Қазақстандағы ең ірі Ертіс өзенінің жағасында орын алған. Ақындар өлеңдеріне қосып айтқан қала кең даңғылдарымен, көшелерімен, көлеңкелі саябақтарымен, гүлзарларымен, фонтандарымен өзінің қонақтарын сүйсіндіреді, мұнда қай мезгілде болсын таза және жайлы.
Павлодар – солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Палодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдени ескеркіштерін қасиеттеп қорғайды. Мұражайлар, көрмелер, мәдениет жетістіктерінің тұсаукесерлері мұнда өте танымал және келушілерге бай. Қаланың тарихы бай және оның ертеден келе жатқан мәдени дәстүрлері бар. Павлодар Ертіс өңірі - атақты ғылым, мәдениет және өнер қызметкерлерінің Отаны болып табылады. Мұнда Қаныш Сәтбаев, Григорий Потанин, Әлкей Марғұлан, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шапық Шөкин, Жұмат Шанин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Дихан Әбілев, Шәкен Айманов, Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Сәбит Дөнентаев, Павел Васильев және тағы басқа тек облысты ғана емес,сонымен қатар Республикаға танымал қайраткерлер туған. Ертіс бойымен ақ жартасты жолақ сияқты біздің мейірімді, қонақжай қаламыз жайылып жатыр.
Екібастұз қаласы 2007 жылдың 12 маусымында өзінің елужылдық мерейтойын атап өтті. Қаланың пайда болуы және тарихы Екібастұздық тас көмір орнының дамуымен байланысты. 1954 жылы алғашқы көмір алабы пайдалануға берілді. 1957 жылы Қазақстан картасында жаңа қала Екібастұз пайда болды. Қазіргі уақытта қала және ауылдық аймақ халқы 140 мың адамды құрайды. Қалада бір жоғары оқу орны, жеті ССУЗ және КЛ, қырық төрт жалпы білім беру, бес балалар спорттық, бір көркем және музыкалық мектептері, 28-ден аса балабақша, 40 емдік мекемелері жұмыс атқарады. Мәдени – ағартушылық объектілеріне орталық қалалық кітапхана, құрамында 10 этномәдени орталықтар қызмет жасап жатқан Достық үйі, қалалық мұражай, “Өнер” орталық қалалық мәдениет сарайы, қалалық мәдениет және демалыс паркі “Шахтер” жатады.
Ақсу қаласы (1993 жылға дейін - Ермак) — Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында Павлодар қаласының оңтүстігінде 50 шақырым жерде орналасқан. Қала аумағы және оның ауылдық аймағы солтүстігінде – Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде - Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, батысында - Павлодар ауданымен және шығысында Екібастұз ауылдық аймағымен шекараласады.
Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Ертіспен қиылысқан жолда түрақ пайда болып, екі поселкі дами бастады: әкімшіліктік және жұмысшы. 1914 жылы жаңа Ермак поселкісінің жоспары бекітілді. 1993 жылы 4 мамырда Ермак қаласы Ақсу қаласына өзгертілді. Бірнеше жылдан кейін облыс әкімінің шешімімен 1997 жылғы 9 шілдеде Ақсу ауданының аумағы Ақсу қаласының шекарасына, ауылдық округтер мен Қалқаман поселкісі Ақсу қаласының әкімшілік қарамағына тапсырылды.
Қазіргі кездегі Ақсу – бұл Павлодар облысының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы дамыған қала. Қала тұрғындары 70 000 адамды, ауыл тұрғындары 29 000 адамды құрайды.
Қаланың өнеркәсіптік инфрақұрылымын екі кәсіпорын құрайды: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еврозиаттық энергетикалық корпорация электр станциясы.
2001 жылдан бері қала энергетиктерімен 5.580.7 миллион киловаттсағат электр энергиясы және 612.0 гекокалория жылу энергиясы өндірілді. 1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауыты объектілерінің өнеркәсіптік құрылысы басталды.
А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап а ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
"Кітап маған тақтан да қымбат"