В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
yanaboss666
yanaboss666
15.02.2022 20:53 •  Қазақ тiлi

Алматы хайуанатар багы хабарландыру жаз g;;;​

Показать ответ
Ответ:
owlllllll
owlllllll
23.05.2023 20:50

Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті — қалың таудың іші. Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп жатты. Анда-санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап тұр. Бұлт қалың, жарқылдағы күшті еді. Қарабарқын тартып қараңғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдында бір сөніп, бір лап етіп жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен нажағай жарығымен күңгірт даланы әлде неге үміттендіріп тұрған сияқты. Тау бөктеріндегі қоңыр жел ақырындап бұралып соғып, салбыраған шерлі күйді қозғағандай болады. Табиғат салқын түсте болса да, сұлу тілді сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі мұңлы шермен үзіліп-үзіліп соққан желмен бірге жүректі ақырын-ақырын шымшығандай еді. Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің зар-мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды. Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті қызықты еске түсірмей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей. Ән салған жігіттер табиғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде баяулап қоңырлатқан, кейде шырқыраған сұлу әнмен түн құшағына кіріп келе жатты... Бұл мүйнетте адамның әні де алыста күркіреген күндей, үзіліп соққан бөктердің желіндей табиғаттың өзінен шыққан бір қуат сияқты еді. Бойды табиғат қуатындай болып тоңазытып, көңілді жүз толқытатын қуаты бар еді. Ән кейде батқан күн мен бейуаққа қоштастырған үн сияқты.

Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен түнде жүріп өтпек болып, тау сыртындағы елді бетіне алып, жалғыз аяқ жолмен түн қатып келе жатыр еді. Осы кезде осы таудың сыртында жігіттер келе жатқан жақты бетіне алып, жалғыз жаяу бала келе жатты. Жол үстінде ымырт жабылып, қас қарайған шақта жалғыз келе жатқан баланың ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар.

Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Жан-жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай. Бетіндегі ақ көде, сары селеуді сүйретіліп, сумаңдап соққан түн желі желпи қозғап сілкінтіп тұр. Қарауытқан көлеңкелі сайлар қара түннің қараңғы сырын бауырына жиып, әлденеге сақтап тұрғандай болады. Белгісіз тұңғиық жүрегін жаныштады. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады. Жүрегін қорқыныш басып, жалғыздық жеп келе жатқан баланы не бастап келеді? Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді.

Он жасар Қасымның бұдан бір жыл бұрын кәрі анасы өліп еді. Одан жарты жыл бұрын өзі туған әке-шешесі өлген... Өз әке-шешесі өлгенде Қасымның сүйеніші болып қалған кәрі әжесі бар еді. Қасымның кішкентай әлсіз басы тағдырдың бұның басына келерлік барлық соққысын түгелімен көріп шыққан. Алдыңғы өлімнен кейін жарты жыл өткенде кәрі әжесі өліп еді. Бұрынғы бала — бұрын еркелікпен жылайтын Қасым әжесі өлген күні шын қайғымен жылап еді. Басына аспан құлағандай уайымды сол күні көріп еді.

Жақын, жанашыр туысқаны жоқ болса да, маңайындағы ел әжесінің өлігін үйден алып шығарда, кішкентай Қасым үлкейген кексе кісі айтатын зардың бәрін айтып, шешесінің үстіне жығылып, айрылғысы келмей құшақтап:

— Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғып қалғаным ба? Менің шынымен сорлы, шынымен жетім болғаным ба? — деп зарлағанда, елдің сай-сүйегін босатып, кәрі-жастың жүрегін еріткен болатын.

Мұхтар Әуезов

0,0(0 оценок)
Ответ:
selinnikita22
selinnikita22
07.09.2022 19:57
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жАнашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Ана – жүрек, жүректі құдіретте. Ана – тірек, тіректі құрметте, Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет. Ана – күнің, күніңе табынып өт. –деп жырлағым келеді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен Анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Баласы үшін Анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол Ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Ал баланың Анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау

жөндеп

ата-Анасын

өз

арасында,

балалар

Кейбір

парызы.

баланың

әрбір

сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-Ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді. Ұрпаққа бақыт сыйлаған Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған, Тіршіліктің тынысы мен ажары деп өз ойымды білдіргім келеді. Ана туралы шығарма - Ана туралы шығармалар

Ана! Жалғыз ғана сөз. Әйткенімен жарық жал-ғанда кез келген а осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар. Осы орайда орыстың ұлы жазушысы М.Горькийдің «…Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі Ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген сөзіне еріксіз иланасың. Тіпті, көк аспан да Ана жәйлі терең ойға батып, үнсіз мөлдіреп тұрғандай сезіледі. Сол секілді біздің балапан жүрек жас оқырмандарымыз да қолына қауырсын қалам алып, Ана жайлы тебіренеді. Редакциямызға күн санап осы тақырыпты арқау еткен

Біз оған қуАнамыз. Дегенмен, сол өлеңдерді

өлеңдер циклі ағылып жатады.

журнал бетіне жария етуге келгенде шарасыздық танытып, қиналып

Неге десеңіз, бұл өлеңдерде көп кемістіктер орын алып

қалатынымыз рас.

жатады. Енді солардың кейбіріне тоқтала кетсек дейміз. Алматы облысы, Талғар ауданында тұратын оқырманымыз Б.Чотбаев бізге жолдаған өлеңінінде: -Ойланамын Анама қараймын да, Мұңға батам, ақ шашын санаймын да,- деп бастапты. Анасына қарағаны жақсы, ал шашын сАнаймын дегенін қалай түсінуге болады… Алматылық А.Мауытханның да осындай өз орнын таппаған сөзі жиі кездеседі. - Алақаны әжемнің ақ бесігі, Жүрегімде тербетті есіл үні,- деп ары қарай жалғаса береді.Алақан мен ақ бесік деген дербес ұғымдар. Әрқайсысының өз орны, өзінше атқарар қызметі бар. Сөздердің мәніне түсінбей, осылай олақ қолдану — жыр жолдарына көлеңкесін түсірмесе, жарқын өң бермейді. Алматы

жазған

оқырманымыз

жас

атты

Ғ.Әділет

Райымбек ауданындағы

облысы,

өлеңде де осындай үйлеспеушілік орын алған. «Анам деп ән саламын, Анам деп күй саламын»,- деп өз ойын өрістетеді. Ән салғаны жақсы, күй салғаны сәл

да

жырынан

жас оқырман

М.Айболит атты

тұратын

өңірде

Осы

оғаштау…

осындай орашолақтық анық байқалады. …Ана деген атпен жүре берсін, Анашым аман болшы»,- деп өз өлеңін аяқтайды. Ана деген атпен жүре берсін дегеннен не

Е.

оқырманымыз

бүлдіршін

жолдаған

хат

атыраптан

Осы

болады?..

ұғуға

бердің

сүт

ақ

Анашым,

«Айналайын,

жоқ.

ұйқас

өлеңінде

Ерболқызы

балаңа.Тілейміз ғой әрқашан, өмірдің бар жақсысын» деген шумақпен өлеңнің алғашқы төрт жолы аяқталады. Қайта бір оқып көріңдерші, осы жолдарда ұйқас

Г.Ермекова

тұратын

ауданында

Құрманғазы

облысы,

Атырау

ма?

бар

мың

Анама

мен

Айтамын

баршылық.

тұстары

әттеген-ай

де

өлеңдерінде

алғысты, Әкелді осы уақытқа жалғыз өзі. Түн ұйқысын төрт бөліп біздер үшін,

түсінуге

нәрсе

еш

жолдардан

деген

түні,-

бір

сол

біздер

егер

Ауырсақ

дүниелерді

тұрған

жетіспей

жағынан

көркемдік

болмайды.Осылайша

оқырмандарымыз А.Қайратқызы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылынан Қ.Асанова, Алматы облысы, Тескенсудан Е.Салбенбековтердің шығармаларынан да кездестіруге болады. Құрметті жас талапкер, біз осы пікірді сіздер үшін, өздеріңе жанымыз ашығандықтан әдейі айтып отырмыз. «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Біз сіздерден жаңа да көркем, шынайы да шымыр жырлар күтеміз. Редакция есігі өздерің үшін қашан да ашық! .
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота