Алматы - Алатаудың баурайында жатқан ғажайып қала. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, нарттай алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізгісіз.
Әлемге дәмі тіл үйірер портымен танымал Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбені айтуға болады. Оларды тамашалап, өз көзімен көріп, табиғатына тамсану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жылына мыңдаған туристер келеді. Ал қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар.
Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Алматы - әсем қала

Объяснение:
Осылай ма?