«Алтын Емел» атауы моңғол тілінен шығады және «Алтын ер» дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс. 1-тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді, тіркесті сөздерді тауып жаз.
2-тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, жаз.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, жауап бер.
«Алтын ер» деген ненің атауын білдіреді?
Ер-тоқымға ұқсайтын қандай асу?
Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді