Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Рулық жағынан келетін болсақ жақындық жеті атамен шектеліп қалмайды әрине. Адам-Атадан бастап шежіре тарқатыла береді. Соның ішінде жеті атаңды талдап , жете білсең адаспайсың деген тағлым ғой. Жеті атадан ары қыз алып, қыз берісуге бола береді, оған дейін туыстық жалғасады деген тәмсілмен дана бабаларымыз халқымыздың қан тазалығын сақтап келген, және оның өте-мөте дұрыс жол екенін қазіргі медицина да мақұлдап, ғылыми жолмен дәлелдеп отыр. Ал жеті ата атауына келсек ол былай жіктеледі: 1. Ата. 2.Бала. 3.Немере. 4 Шөбере. 5.Шөпшек. 6.Немене. 7.Туажат. 8.Жекжат. Жекжат жеті атаға кірмейді.Жекжат-деген енді қыз алысып,қыз берісіп бір бірімізбен туыстық қатынастан,құдалық қатынасқа көшуге жол ашық деген сөз. Бұрынғы кедерде жеті атадан асып, сегізінші атаға келгенде сол рудың ақсақалдары айналасындағы басқа руларға хабарлап, өздерінің өскенін-өнгенін, қыз алып,қыз беруге жеткенін жариялап, бүгіннен бастап қазақ халқына тағы бір ру қосылды деп ер жетіп отырған бір қыз бен бір жігітке рұхсаттарын беретін болған. Бұның өзі үлкен мағанада боз бие сойылып,әлгі үй болатын жастарды соның сүтімен шомылдырып, ру атын беріп, өсіп-өніңдер деп барлық ру басылары батасын беретін болған.Сондай жолмен қазақ рулары көбейіп отырған.
Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/6793/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/6793/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз