Алуа аспан әлемінің құпиясы туралы көп оқиды. Ол жұлдызды аспанды
та үнде жұлдыздарға ұзақ қарайды. Аспан әлемінің құпиясын біЛГІСІ ке-
ледіМұлдыздардың қозғалысын бақылайды. Соны білетін Зере:
- Алуа, осы жұлдыздар неден тұрады? – деп сұрады.
Anya:
- Зере, ғалымдардың айтуынша, жұлдыз газдан (плазмадан) тұрады. Өте
күшті қызған жұлдыздар жарық шығарады. Күн де, жұлдыздар да – аспан дене-
лері. Күн Жерге жақын. Сондықтан Күн үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден
ете алыс орналасқан. Сондықтан жұлдыздар өте кішкентай болып көрінеді. Теле-
Скоппен қарағанда, жұлдыздар нүкте сияқты.
Зере:
– Біздің галактика шексіз. Аспанда қанша жұлдыз бар екен? Оның санын еш-
кім білмейтін шығар?
Алуа:
- Біз түнде аспаннан 6 мыңдай жұлдызды көреміз. Біздің галактикада жай
көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар. Ол жұлдыздарды күшті телескоп-
пен керуге болады. Аспанда көлденең жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас
акшыл жолақ - жұлдыздар шоғыры бар. Бұл жолақты қазақтар «Құс жолы» деп
атайды.
Зере:
- Алуа, сен аспан әлемі туралы көп біледі екенсің. Болашақта астроном бола-
тын шығарсың. Сені тыңдаудан жалықпаймын. Рақмет!
Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме? тақырыбына диалог құрастыру.
Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?
Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?
Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.
Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?
Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.
Объяснение: