В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Даша6741
Даша6741
17.05.2022 06:01 •  Қазақ тiлi

Алымы 15 және 6 сандарының ең кіші ортақ еселігі, бөлімі 42 және 140 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші болатын бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек түрінде жаз. Жауабы:

Артқа

Тексеру

Показать ответ
Ответ:
sashaopalko123
sashaopalko123
04.01.2022 21:41
Дос ол улкен байлык, мынандай макал бар -досынды корсет, ким екенин ди айтам деген. Досын адал болса, жолын болды деген соз. Жаксы, адал дос киыншылык та билинеди. Сенин келбетине, киим кигенине, жагдайы на карамайд, шын дос жан дуниене карайды. Перевод : дружба это огромное богатство , есть такая пословица : покажи мне друга и я скажу уточнить ты?. Если у тебя хороший преданный друг то тебе повезло. Преданные друзья - не оставляют в трудный момент . Настоящий друг не смотрит на твою внешность, на твою одежду, на твоё состояние оно будет смотреть на твою душу .
0,0(0 оценок)
Ответ:
rahmaevrail201
rahmaevrail201
23.09.2020 22:14

Астана оқушылар сарайы.

Еліміз бойынша ғана емес, әлем бойынша да баламасы жоқ ерекше ғимарат – Оқушылар ¬сарайы. Ішкі қондырғылары заманауи техникалармен жабдықталып, сырты қазақи нақышта әрленген бұл нысанның кескіні мен келбеті тым ерекше. Бұл көркем, төрт қабатты, көз тартарлық архитектура туындысы шамамен сегіз жарым гектар жерді алып жатыр. Нысанның төбесінде шаңырақ орналасқан. Шеңбердің биіктігі – 8 метр, ал диаметрі – 156 метр. Алып, әсем, сұлбасы ерекше бұл ғимарат арнайы Елбасы тапсырмасы бойынша салынған.  

2011 жылы бой көтерген ғимараттың жалпы ауданы – 61274,6 шаршы метр. Төрт қабаттан тұратын нысандағы бөлмелер саны – 842. Ғимаратқа кіріп келген адамның көзі бірден үздіксіз айналып тұратын алып конструкцияға түседі. Бұл бір жағынан секциялар бағытының жан-жақтылығын көрсететін сарай эмблемасы болса, екінші жағынан әр баланың арманы іспетті. Тоқтамайды. Үнемі қозғалыс үстінде. Балалардың арман баспалдағы осы жерден бастау алады. Ертеңіне ерінбей қарайтын талапты жастың жігерін жануды құдды осы арадан бастап кеп жібергендей. Қиялын қияға ұшырып, қанаттанудың қадамы.

Бүгінде Оқушылар сарайы қаладағы қосымша білім беретін ең ірі ұйым болып табылады. Ондағы үйірмелердің 60 пайызы тегін жүргізіледі. Әртүрлі әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары көбіне мұнда тегін сабақтарға қатысуға мүмкіндік алады. Мұндай сабақтардың қатарында техникалық сабақтар, робототехника, жеңіл атлетика болса, басқа секциялар ақылы жүргізіледі. Олардың бағасы айына 2500-ден 7000 теңгеге дейін өзгеріп отырады.

Сондай-ақ, мұнда заманауи технологиямен жабдықталған таңғаларлық зертханалар өте көп. Оқушылардың санасын серпілту үшін түрлі қызықты ойындар да өткізіп тұрады. Мәселен, бір ғана найзағайлар соғып тұрған «тесла шоу» деп аталатын ойынын алсақ, бұл виртуалды әлемде балалар өздерінің ойлау қабілетін өсіріп, жаңа қырынан көрсете алады. Ең ғажабы, бұл зертханада ойын ойнауға, суретке түсуге, балалардың сана-сезімін өсіруге барлық мүмкіндік жасалған.

Бүгінде мұнда 10 мың баланы қамти отырып, түрлі бағытта жұмыс жасайтын 650-ге жуық топ, 125 үйір¬ме бар. Оларға 200-ге жуық қосымша білім беру педагогтары сабақ жүргізеді.

Бүгінде Оқушылар сара¬йында дипломатиялық корпус, зертхана мен нанотехнологиялар сек¬циясы жұмыс іс¬тей¬ді. Бұдан басқа, анатомия, физика секция¬лары да ашылған. Бұл – үйір¬мелердің аз ғана бөлігі. Оқушылар сарайындағы көптеген спорттық және би командалары, спортшылар жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Жеңімпаздарды тәрбиелеу¬ші жергілікті педагогтардың ішінде ғалымдар да, белгілі мамандар да, музыканттар да, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері де бар.

Бұл ғимаратта жеңіл, ауыр атлетика алаңы, суда жүзу бассейні, мұз айдыны, футбол, хоккей, баскетбол алаңы, теннис залдары бар. Студиялармен қатар театр, дайындық алаңдары, оркестр, хор, би, балет және драма топтарына арналған сахна, көрме залы, амфитеатр орналасқан. Сарайдың өз асханасы мен медицина орталығы, түрлі техникалық қызметтерге арналған бөлмелері бар. Сондай-ақ, Оқушылар сарайында Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін өсімдіктері бар қысқы бақ, 3Д технологиясын пайдалану арқылы панорамалық, сфералық және ғаламшарлық кескіндеме көру мүмкіндігін беретін планетарий, инновация¬лық шешімдер жиынтығы топтастырылған виртуалды зертхана секілді заманауи орталықтар орналасқан. Бұл аз десеңіз, сарайда балаларға арналған «Медиаорталық», атом энергетикасы жөніндегі ақпараттық орталық, ұлттық интерактивті парк қызмет атқарады. Оқушылар сарайы ашылған күннен бастап түрлі тематикалық көрмелер, сонымен қатар таныстырылымдар, көрме байқаулары, бейнелеу өнері үйірмесінің жас суретшілер шығармашылықтары мен қолданбалы сәндік өнері, қазіргі заманауи дизайны, шығармашылық кездесулер және мастер-класс ұйымдастырылып, өткізіліп келеді. Теориялық және практикалық білім алу үшін бүкіл жағдай жасалған Оқушылар сарайында балалар мұғалімдердің, кәсіби мамандардың көмегімен мектепте алған білімдерін де нығайтады.

Оқушылар сарайының ішінде орналасқан түрлі орталықтардың арасынан Ұлттық интерактивті саябақты ерекше атап өтуге болады. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен салынған болатын. Саябақтың басты мақсаты – әр баланың тұлға ретінде жан-жақты дамуына, сондай-ақ балалардың өз бетінше білім алуына және өзін-өзі жетілдіруіне жәрдем беру.

Бұл парк заманауи ғылыми зертханалармен, спорт жабдықтарымен және интерактивті экспозициялармен жабдықталған. Оқушылар сарайы бүгінде білім алушылар үшін интерактивті парктің «Ғылым мен технология», «Спорт және денсаулық», «Өнер, би және музыка» атты негізгі үш кластерін ұсынып отыр.

1400 шаршы метр аумақты алып жатқан парк, ең алдымен, баланың дамуына ерекше ықпал етеді. Зерттеу¬лер жүргізіп, келушілердің білгірлігін дамытуға және шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота