Алып, деңгейлік тапсырманы орындаңдар. 1-деңгей. Мәтіндегі зат есімдерді тауып, қай жалғауда тұрғанын талдаңдар.
2-деңгей. Мәтіннен жалқы, жалпы зат есімдерді тауып, топтап жазыңдар. Жалқы
есімдермен сөйлемдер құрастырыңдар.
3-деңгей. Берілген жұмбақтарды шешіп, тақырыпқа қатысын анықтаңдар. Өздерің
осындай үлгімен жұмбақтар құрастырып жазыңдар.
Көк жиекті, шай табақты,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін
Ұлпа мақта перделер.
Қонақтап күнде су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне.
Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасам толып жатыр көзін ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.
Астана туралы не білесің?
- Астана – тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Ол - жаңа Қазақстанның белгісі. Астанада тарихи ескерткіштер, мұражайлар бар.
- Қай кезде Н. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды?
- 1997 жылы қазанның 20-сында.
Ал Қазақстанның алғашқы бас қаласы қай қала болған.?
- Орынбор.
- Қазақстанның екінші астанасы – Алматы. Алматыда қандай қала?
- Алматы - үлкен, әдемі қала.
- Алматыда қандай театрлар бар?
- Алматыда - М.Әуезов атындағы қазақ драма театры, Лермонтов орыс драма театры бар.
-Қалада қанша адам тұрады?
- Миллионнан астам тұрғындар бар. Мен Алматы көруді армандап жүрмін