Қамқорсыз, менің тірегімсіз», – деп әжесін құшақтады, Оқиық және жауап берейік
4. Сұрақтарды оқы. Мәтіннен жауап тауып айт.
Досанның әжесіне не болды?
Досан əжесіне қалай қамқор болды?
Досанға кім алғыс айтты? Қандай алғыс айтты?
Алғыс-батаға Досан не деп жауап берді?
Жаттығайық
«Өнер» туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
* * * * *
Өнерлі өрге жүзер.
* * * * *
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
* * * * *
Өнерліге өлім жоқ.
* * * * *
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөз алтын.
* * * * *
Өнерлі бала сүйкімді.
* * * * *
Өнер білсең-өлмейсің.
* * * * *
Өнерлінің өзегі толмас.
* * * * *
Өнер-таусылмас азық.
Жұтамас байлық .
* * * * *
Бай болмасаң бай болма
Өнер, білімге сай бол,
* * * * *
Өнерлі қол бақытқа жол.
* * * * *
Ілім-іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
* * * * *
Өнер таусылмас азық,
Сарқылмас байлық.
* * * * *
Өнерді үйрен
Үйренде жирен.
* * * * *
Өнер қанат
Білім санат.