Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.
Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл
пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі
апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл
әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып
алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның
бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жеміс-
жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген
халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін.
5 Мәтінде берілген сан есімдерден болжалдық сан есім жаса.
Сенің күлімдеген бет жүзіңді, жылы құшағыңды, аяулы алақаныңды сағындым. Анадан жырақта жүргенде ғана қаншалықты керемет адам екенін түсінеді екенсің. Сені тәп-тәтті тамығыңды сағындым. Асхананың салқын жылымаған тамағынан жалықтым. Айтпақшы өзің тоқып жіберген жемпірді алдым. Маған дәл келді. Күнде тастамай киіп жүрмін. Сенің жылулығыңды сездіретін мендегі жалғыз ғана зат сол. Сені қатты сағындым...