Жан ана……аяулы ана, ардақты ана, бұл өмірде сенен жақын, сенен қымбат кім бар екен? Жүзінен мейрімділік пен жылылық төгілген, адамзатқа өмір сыйлаушы, перзентіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Анамыздың байсалды да байыпты тұлғасы, күлімдеген келбеті, әсерлі де, әдемі әңгімесі, мейірімге толы жанары, өмірдегі ең жұмсақ алақаны, айдын шалқар ақылы, кең жайлаудай кешірімшіл мінезі бәрі – бәрі есімізге сан оралып, анамызға деген сағыныш оты жүрегіміздің түбінде маздап жанып, көкірегімізге мұң ұялап, көңіліміз босап, жанарымыз еріксіз жасқа толады.
Анамыздың беделді, абыройлы, еліне сыйлы болғанын ауыл азаматтарының әңгімесінен естіген сайын, көкірегімізді мақтаныш керіп тұрады.
Сары алтынның тұнбасындай қазақ әйеліне тән бар асыл қасиетті бойына жинап, тере білген абыз ойлы, шешен тілді, жүзінен сәуле шашқан байыпты да, байсалды ананың ошағы ешқашан сөнбейді, асыл бейнесі ұрпағының, ағайын – туысының, халқының жүрегінде мәңгі сақталар.