В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ученица999999999
ученица999999999
27.06.2021 12:36 •  Қазақ тiлi

Ана тілі маңызын кубизм әдісі ответ напишите

Показать ответ
Ответ:
zemdy926
zemdy926
28.05.2020 01:06
Мен ағылшын пәнін өте ұнатамын.Ағылшын тілінде Ұлы Шекспирдың поэмалары,Джек Лондонның әңгімелері  жазылған. Қазіргі заманда ағылшын тілі халықаралық тіл деп есептеледі,Мысалы қай шетел қалаларына сапар шексеңде  не ол Стамбул болсын ,не Париж туристтердің   бәрі ағылшын тілінде сөйлейді.Кейбір Қазақстан қалаларындағы мысалы Атырау,Ақтау,Алматы,Астана шетелдік компаниялар ағылшын тілін білген азаматтарды қабылдайды.Сондықтан ағылшын тілін толық меңгерсем,мүмкін жақсы аудармашы болсам деп едім.

Мне очень нравится предмет-английский язык,На английском языке писали Великий Шекспир свои поэмы,Джек Лондон свои рассказы.В настоящее время английский язык стал международным языком,Например куда ты ни поехал заграничные города как Стамбул или Париж все туристы общаются на англ языке. В некоторых городах Казахстана как Атырау,Актау,Алматы,Астана иностранные компании отдают предпочтения людям которые знают англ язык.И поэтому я хочу в совершенстве овладеть англ языком может стану хорошим переводчиком.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ArianaLi
ArianaLi
07.07.2021 14:44
А берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні өркениетті елдерге барсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екендіктерін бірден аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрселерден қағылатындықтарын жақсы біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін байқап таң қаласыз. Сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал біздегі сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ.
Қазірде көбі бос уақыт пен денсаулықтың қадірін, өкінішке орай түсінбейді дер едік. Әсіресе, уақыт мәселесіне өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. «Достым(құрбым), не істеп отырсың?» - деп телефон шалсаңыз: «Әй, жай уақыт өлтіріп отырмын», не «Теледидармен уақыт өлтіріп отырмын» - деген жауапты көп естиміз...
Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың»,  деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.
Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп-ақ. Көп сөз, көп қыдыру да солардың қатарында. Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Осы орайда «Рахат – рахатты тәрк етуде» деген шығыстық аталы сөзінің мәніне тоқтала кеткен де орынды. Ол қазақтың «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дегенімен үндес. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жемек. Уақытын бекер, ойын-күлкімен дүниеқорлықтың көшіне ілесіп, бірін-бірі сыйлау, құрметтеуді ұмытып, өсектегені ананың қызметте көтерілгені, мынаның тұлпар алғаны немесе артық ақша тауып байығаны туралы желікпен өткізген жан кейін өкінішпен бармақ тістемек дейміз. Абай атамыз да өзінің қара сөздерінің бірінде: «А жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде 1 күндік өмірді бар жиған малына сатып алуға таба алмайды» - деген...
Осы алдамшы өмірде тура жолдан адаспай, бір-бірімізге серік бола білейік, мұсылман ағайын. Әріден соң өз заманымызды өзіміз қолдан жаман қылмайық!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота