Бухгалтерия (нем. Вuсh – кітап жәненем. halten – ұстау) — заңды тұлғалардың күнделікті есеп-қисабын (оның ішінде жалақы есептеу де) жүргізетін арнайы құрылымдық бөлімі. Бухгалтерияны бас бухгалтер, ал штаттық кестеде мұндай лауазым қаралмаса аға бухгалтер басқарады. Бухгалтерия есептеу жұмыстарын ұйымдастыруға, жүргізуге, мерзімдік баланс әзірлеуге, барлық операциялардың заңдылығын, нысаналылығын, шаруашылық мақсатына сай болуын, сметалық және қаржылық тәртіптің сақталуын қадағалауға; белгіленген ережелер мен құжаттама нысандарын сақтай отырып, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтарды есепке алу кітаптары мен тізімдемелерін жүргізу, бухгалтерлікшоттарға тиісті мәліметтерді түсіру жолымен қаржы және материалдық ресурстардың қозғалысын дер кезінде тіркеп отыруға міндетті.
Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер жетістіктерімізді қанағат тұтып, әр ісімізді ізгілік жолымен атқаратын болсақ, өзімізді бақытты сезінетін боламыз. "Қанағат қарын тойғызады" дейді халық философиясы. Ендеше қанағат болған жерде бақытта болады. Бақыт- бір адамға тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да сонда! Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.