1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
1-тапсырма.
1.Еңбек дегеніміз не?
2.Адамға нелер еңбекпен келеді?
3.Жетістікке жетудің сыры неде?
2-тапсырма.
1.Қазақ тілінде 4түрлі рай бар.Бұйрық рай,ашық рай,қалау рай,шартты рай.
2.Бұйрық рай дегеніміз-біреуге арналып бұйыра айтылған етістік мағынасы.
3.Менің оқушы ретінде атқаратын еңбегім:ізденіп сабақ оқу,білімді болуға ұмтылу.
4.Еңбек-жұмыс,қызмет,тірлік,шаруа.
3-тапсырма.Көмектес.
1жақ-көмектесемін.
2жақ- көмектес.
2жақ-көмектесіңіз.(сыпайы)
3жақ-көмектессін.
Көпше түрі.
1жақ-көмектесейік.
2жақ-көмектесіңдер.
2жақ-көмектесіңіздер.