Қандай?
Мәтінді өз атыңнан баянда.
Үлгі: Анам екеуіміз әжемнің үйінде қонақта
болдық.
— Мама, қарашы, аспанда үлкен ожау
тұр, - деді Алиса, қолымен аспанды
көрсетіп,
– Бұл — Жетіқарақшы шоқжұлдызы! Ол
түнде адамдарға өз үйін табуға көмектеседі.
Ғалымдар жұлдыздарды зерттейді. Бұл кіш-
кентай нүктелердің құпиясы көп.
— Бірақ жұлдыздар өте кішкентай ғой.
Оларды қалай көреді?
— Әкеңе айт, сені расытханаға апарсын.
Расытханада үлкен дүрбі бар. Ол «телескоп»
деп аталады. Телескоппен жұлдызды көруге
болады. Ол жұлдызды үлкен етіп көрсетеді.
Жұлдыздар бізден алыста. Сондықтан олар
Кішкентай болып көрінеді.
МӘТІНСОҢЫ ЖҰМЫС
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.