Басты бет » Есімнама » Қорқыт Ата Қорқыт Ата Ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.
Қазақстан үкіметі жан-жануарлар әлемінде шешімін таппаған мәселелерді биыл шешуге ниеттеніп отыр. Бұл туралы ақпанның 7-і Азаттық радиосына берген сұхбатында ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы жөніндегі комитет мамандары мәлімдеді. Олар бұл мәселені жаңа заң бойынша іске асыруды көздеп отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 900-дей түрі бар. 100 мыңдай омыртқасыз жанауар бар. Қазақстанның зоология институтының маманы Мұхтар Байжановтың айтуынша, омыртқасыз жауарлардың басым көпшілігі толығымен зерттелмеген.
- Ғалымдардың айтуына қарағанда 100 мыңдай түрі бар, бірақ оның 30-40 проценті ғана зерттелген, қалғанын зерттеу керек. Қазіргі кезде бұл зерттеулерді жүргізу үшін ақша керек, арнайы зерттеу жүргізетін мамандар керек, - дейді Мұхтар Байжанов.
Қазақстанның экологиялық қоғамының мүшесі Асылхан Артықбаевтың сөзіне жүгінсек, бүгінгі таңда мамандар республикада қанша жануардың түрі барын және олар қалай қорғалатыны туралы нақты айта алмайды.Қазіргі таңда және әртүрлі жануарларды,жабайы жануарларды атуға тиым салынады.Қорытындылай келе, қазіргі таңда қызыл кітапқа енген жануарлар көп.Оларды біз атпауымыз қажет.