В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Вася1480
Вася1480
02.01.2021 23:54 •  Қазақ тiлi

Анықталған ерте ортағасырлық мемлекеттердің 2 ұқсастығын көрсетіп жаз бжб ​

Показать ответ
Ответ:
sadlyuda
sadlyuda
08.01.2021 19:19

Менің итімның аты-Белла. Ол мейірімді,мойынсұнғыш. Ал Айдана екеуміз оны осылай таптық. Әйтеуір біз мектептен үйге қайтатынбыз. Және ит бізді қарсы алуға келеді. Біздің досымыз Регина оның қыз екенін айтты.біз оны үйге әкелдік. жуынып, ветеринарға барды ... және оны Белла деп атауға шешім қабылдады. Бірде біз өзенге жақын орманда жүргенде ол адасып кетті. ол бізді іздеуге кетті. бізден бұрын келді, бірақ сіз оны танымайсыз: бәрі лас және изиотоникалық, шүберек тәрізді. сол кезден бастап ол бізсіз ешқайда кетпеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
SonyaNexoda
SonyaNexoda
13.03.2021 04:13

Поэзия сөзден жасалғанмен, сөзден биік тұрады. Абай: “Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз” дейді. “Қуатты ойдан бас құрап” та жақсы өлең болмауы мүмкін, гәп “еркеленіп шыққанында” жатса керек.Не көп - өлең жайлы пікір көп. Жыр хақында жақсы да, жаман да жақсы айтуға жан салған. Бірақ бұдан жақсы өлең көбейіп жатқан жоқ, қайта сараланып, екшеліп келеді. Күні кеше мақталған өлеңдеріміз бүгін қарасақ тым жұпыны, солғын көрінеді. Әдетте жақсыны тоздыратын жақсы, жаңаны ескіртетін жаңа дейміз. Осы тұрғыдан ойлағанда өлеңге өріліп кеп қосылып жатқан жалқы ақындар да байқалмайтын сықылды. Ең соңы осыдан сегіз-он жыл бұрын аталған фамилиялар. Әзірге жұрт таныған жақсы өлеңді беріп жүрген де солар. Атап айтқанда Қадыр мен Мұқағали, солардың тұстастары. Күні бүгінге шейін поэзия жөніндегі оңды-солды пікіріміз де солар төңірігенде болып барады. Олардан кейін ақын шықпады деуден аулақпыз. Ақын бар, тіпті көп. Жыл сайын Жазушылар одағына қабылданып жүрген лек-лек жұрттың тоқсан проценті ақын. Олардың алды бес-алтыдан, соңы екі-үштен жинақ берген. Кітаптарына жазылған аннотация да, берілген тираж да бірдей, бірінен бірі айырғысыз, бәрі жас, бәрі “Отанға, туған жерге деген махаббаттарын жыр етеді. Бұлай сөйлегенде бүкіл бір ұрпақтың, бір уақыттың ақынына сыпыра сын айтқалы отырғамыз жоқ, қайта, олардың арасында да алдыңғы топқа қосылып қалған өнер шеберлерінің, бұғанасы бекіп, сын көтеруге жарап қалған кісілердің бар екенін айтпақ ек.

Д. Қанатбаевтың кейінгі жинағы “Жеті қарақшы – жеті жұлдыз”. Дүйсенбек өлеңді ойлы жазуға, алған тақырыбының күнгейі мен көлеңкесін салыстыра жырлауға тырысады, кез келген болмыстан драма, контраст жасауға бейім. Кітаптағы “Жеті қарақшы – жеті жұлдызы” негізінен жақсы өлең, тұтас дүние 

О, жеті жұлдыз, көріндің маған сен қазіранашым жолға арнағанкүп-күрең жеті шелпектей 

Өзіңе қарап жатайын

Жер-ана болып тебіреніп

Түгендеп жеті мүшемді...

Өлеңнің әр жерінен алынған осы үзіндінің өзі ақынның ойлау, сөз өру тәсіліндегі өзіндік ізденісті аңғартады. Әр сөзін мұқият екшеп, мағына-мән беріп сөйлейді. Бұл ақынның өскендігінің белгісі. Алыс ұғымды жақындату, абстрактілі жайды өзіміз күнде көріп жүрген нәрсеге балау арқылы қолға ұстатады. Сырт қарағанда жұлдызды шелпекке теңеу келмейді. Осы арада өлеңді көзге ыстық қып тұрған “жеті” деген сан.Өлеңнің өн бойында өзек – сол, “жеті”, жеті саны жайлы халық ұғымы. Бірақ, үңіле түссек “жеті қарақшы да” мінсіз емес. “Жапанда міне жатырмын жалғыз шалқамнан” – дұрыс дейік. “Топырақ ыстық, өтеді табы арқамнан”. Міне, осы, екінші жолда жырдың шыншылдық, сендіргіштік қуаты әлсіреп кетеді. Себебі, автордың суреттеуінде мезгіл түн, даланың айсыз, ашық аспаны. Бәлкім, ол жердің топырағы түнде де суымайтын шығар, әйткенмен, түннің аты – түн. Әрі қарай: “Жұлдызы әрбір қоңырау қаққан өрт арман”. Мұны ұғыну тіпті қиын. Өйткені, ұғынатын ештеңесі жоқ, сөздердің мағынасыз үйлесімі ғана. Мұндай жолдардың аржағында терең бірдеңе жатпаса, ренжітіп тастайды. Жо-оқ, бұл, қайбір жолдастардың аузынан тастамайтын “бұлдырлық” емес, астары айқын, мағынасы – мағынасыздық. Мұның бәрі тым кішкене, ұсақ ақаулар. Бірақ, жақсы өлеңнің бойындағы ұсақ мін – он еселеніп, үлкейіп көрінеді. Мәселен, “өрт арман”, “арман алаңым”, “арманның ұстап бір ұшын” деген тіркестер түгелімен осы өлеңнің ішінде.Жалпы, “арман” деген сөзді ақындар өте жиі қолданады. Сөйтіп, сөздің бастапқы мәнін жояды. Әрине, бір сөзде тұрған ештеңе жоқ, ақынның, әсіресе жас ақынның тіліне “арманның” көп оралуын түсінуге де болады, әйткенмен, сөздің бүкіл рухпен, жан-деммен айтса – мін боп көрінбес еді. Мәселе тіл ұшымен, жансыз, қызусыз қайталанатынында жатыр. Екінші cөзбен: сөздің сыртын, сыртқы ажарын ғана қызықтау. Бір кезде біздің өлеңде: “аққу”, “аққұс”, “әппақ”, “пәк” секілді сөздер өріп кетті. Ондай жылтырақтардың өнер құнын арттырмағаны белгілі. Диуананың жыртық шапанына тағылған жалған, алдамшы әшекейдей сылдырмақтың күні өтті. Әр сөздің исін, дәмін айырмай, сыртына қарап қолдану – талғамсыздыққа апарады. Осыған қайсыбір ақындардың еліктеу-солықтауын қоссақ - сын айтпауға болмайды. Қазіргі лирикада тарихшылдық басым. Әруақ, арғымақ, батыр, дала. Жырлауға қолайлы-ақ. Арғымақпен кең далада көсілткен... қандай рақат! Бұған қай қазақтың арқасы қозбайды! Арғымақты жырлаған ақынға қай қазақ риза емес! Әттең, өлең - өлең, болмыс - болмыс. Өз басым арғымаққа да, әруаққа да қарсы емеспін, тек осы сөздерді өлеңге қосып, соны ұлттық бояу, колорит санайтын әдебиетшілерге жөнді түсінбеймін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота