В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ladavasilenko
ladavasilenko
27.07.2022 04:59 •  Қазақ тiлi

Апамның астауы написать эссе ​

Показать ответ
Ответ:
dianaohanesian
dianaohanesian
28.04.2021 19:10

Алып та анадан туады" – деп бекер айтпаса керек-ті дана бабаларымыз. Осы бір ауыз сөздің өзі-ақ "ана" деген құдіреттің қандай екенін көрсетіп тұр. Әлемде қанша мейірім атаулы болса да, сонша мейірім анананың баласына деген кішкене мейіріміне жете алмайды. Ол – құдірет! Ол – шексіз махаббат! Ол – ғаламат сезім! Қазақтың көрнекті қаламгері Оралхан Бөкейдің шығармашылығымен бүкіл қазақ оқырмандары өте жақсы таныс десек, қателеспейміз. Оралханның қай шығармасында да өмір деген бір нәзік сәуле жатады. Жазушының "Апамның астауы" атты әңгімесін сезімсіз оқу мүмкін емес. Бүкіл жан-дүниеңіздің терең қатпарын қозғап, жаныңыздың түкпірінде жасырынған анаға деген махаббатыңыз одан сайын арта түседі. Көзіңізге ыстық жас үйірілсе анаңызға деген ұлы махаббатыңыз деп түсініңіз, құрметті оқырман!

Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй - әрине, бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлап-шулаған балалардың базарына айналатын. Біздің үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты Бұқтырма - жаз шыға суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер-көкті шарқ ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекені еді. Тоң боп қатқан пимасын, сүңгілесе су болған көйлек- біздің үйге келіп кептіретін. Сонда Апам менің ғана емес, мұқым ауыл балаларының абзал анасы сықылданатын.

Он бес жасыма дейін Апамның қойнына жаттым; он бес жасыма дейін әкенің, шешенің кім екенін білмей, сол айналайын Апамның тәрбиесінде өстім; он бес жасыма дейін Апамның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құлындай еріп ер жеттім. Сол кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін. Мен ол кезде Апамның өмір тарихын, тіпті кім екенін білмей, алаңсыз шуақты күндерге марқайып маңар едім. Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, ерні мен иегін күйік шалып тыртықтанған әдемі ажар, кимешегінен дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш қана... менің көз алдымда: қандауырын қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қанын ағызып тұрған; немесе тері илеп, көн тігіп отырған; жүн түтіп, арқан ескен, жіп иіріп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам; ... ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса, түгел қолынан келетін Апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам.

Объяснение:

Өзім жаздым

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота