Бүгінгі күні мұғалімдердің алдында тұрған ең басты міндет – оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, сөйтіп сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жете түсіндіру. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс (көкпар), сайыс сабақтарын ұлттық ойын түрлерін қолдана отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа баулимын. Сабақ барысында ойындар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді қолдану арқылы болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие бере отырып, олардың ұлтын, тілін, дінін, салт-дәстүрін сүюге жол ашамын.
Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл — жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін білдіреді. Өйткені қыз баланың тәрбиелі, әдепті болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының әсері мол. Халқымыздың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыю» деген нақыл сөздері өмір тәжірибесінен алынғаны сөзсіз. Сондықтан да қыз баланың бойында ақылдылық, инабаттылық сынды жақсы қасиеттер жастайынан қалыптасуы тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деп тегін айтпаған. Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген сөзі қыздың тәрбиесі, оның ата-анасына да көп байланысты екенін білдіріп тұрғандай.
Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай
Ұлттық дәстүрмен байланыстыру