В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
nomakade
nomakade
08.09.2020 05:08 •  Қазақ тiлi

Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп хабарлайды «mashable.com» сайты. Қазіргі кезде «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Foxconn» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді. «Apple Insider» ақпаратына сенсек, бүгінде, Қытайда орналасқан «Foxconn» компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.

Жалпы бұл жоспар «Foxconn» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын. 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық. Қалай дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде «Foxconn» компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды. Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында хабарлағандай, iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін

болмай қалады. Бұл жыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық жабдықтаушылар құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын.

•Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыздар: ​

Показать ответ
Ответ:
Коtик
Коtик
05.10.2020 07:47
Менің сүйікті фильмдерім өте көп, бірақ менің жүрегімді аялатқан және тербеткен Роза мен Джектің махаббат хикаясы, яғни Титаник атты көркем фильмі. Осы фильм көптеген биік белестерден көрінген, кинофильм тарихында зор рөль атқарған тамаша өнері. Мұнда Леонардо де Каприо басты рөлдерде ойнап, өзінің міндетін өте жақсы атқарып, нағыз кәсіби шеберлігін көрсеткен. Ал Кейт Уинслет Роза деген персонажды ойнап, ол да Джектен артта қалмаған. Жалпы осы фильмді ұнататын себебі де осы әртістердің шеберлігі мен өте тамаша құрылған сюжеті.  ну удачи могут быть ошибки в правописании
0,0(0 оценок)
Ответ:
EkaterinaLis13
EkaterinaLis13
19.05.2022 09:30

Туған жерге тағзым.

Жоспар.

І Қасиетті мекен.

ІІ Туған жер үшін қызмет ету – әркімнің парызы.

ІІІ Сүйікті Отаным – Қазақстан.

Әр адамның өмірінде туған жердің алар орны зор.Себебі,ол жерде адам шырылдап дүние есігін ашты,алғашқы қадамдарын басты,білім алды,ер жетті,азамат атанды.Халқымыз:"Әркімнің туған жері - Мысыр Шаһары" дегендей,оның әр тау-тасы,өзен-көлі мен ну-тоғайы жаныңа ең жақын,ең ыстық.Расында,сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген.Ал енді біреулері, керісінше,туған жерін тастап шет елге асыға кетеді.Осындай кезде "Өз үйім - өлең төсегім" дегенді ұмытпау керек.Қазыбек би:"Алтын ұяң – Отан қымбат,туып өскен елің қымбат,кіндік кескен жерің қымбат" - деп туған жердің қасиетін текке ерекше бағаламаған.Сондықтан әрқайсымыз Отанмызды ардақ тұтып,оның тарихын жете білуіміз керек.Ер жеткен соң,туған жердің гүлденуі үшін кішкентай да болсын үлесімізді қосу - біздің ең алғашқы парызымыз.Туған ауылға, жерге көмек көрсету үрдісі бүгінде қанатын кеңге жайып келеді. Әсіресе, бұрын мектеп бітірген жастардың өздерінің 10, 20 жылдық кездесулері кезінде туған ауылдарына, білім алған мектептеріне  материалдық көмек ұсынуы көңілге қуаныш ұялатады.Бүгінмен тоқтап қалмай,ертеңге ұмтылып,Отанымыздың,Қазақстанның дамуына ат салыссақ деймін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота