Ар.
речоо - -
2. «ғибратты сөзде» берілген дәйексөзді негізге алып, төменгі сы-
нып оқушыларына табиғатты аялау туралы үндеухат жазың-
дар. бастауыштарды тауып, құрамына қарай талдаңдар. қай
сөз таптарынан жасалғанын анықтаңдар.
кіріспе. үндеуді жазудағы мақсат (2-3 сөйлем).
- негізгі бөлім
а) қолдаушы сөйлемдер (3-4 сөйлем);
ә) алға қойылған мақсаттар мен міндеттер (3-4 сөйлем);
б) болашақтан күтілетін істер мен нәтижелер (2 сөйлем).
қорытынды бөлім
а) шақыру, үндеу бағытындағы сөйлемдер (3-4 сөйлем);
ә) нақты қорытынды шешім, тоқ етер түйін (1 сөйлем).
Жеңіс күні — Қазақстанда мамырдың 9] Жеңіс күні мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.
1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу менЛенинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.