Араб графикасына негізделген төл әліпби Мәтіндердің мазмұнын ажырат.
Қазақ тілі түркі тілдерінің заңды мұрагері ретінде солармен бірге бес жазу үлгісін бастан кешірді. Олар – көне түркі, көне ұйғыр, араб, латын, орыс жазулары. Жалпы қазақ қоғамында араб жазу жүйесі үш сатыда: қадим, жәдид, төте жазу қолданыс тапқаны тарихтан мәлім. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов араб жазуының қазақ тіліне қолайсыз тұстарын дөп тауып, тілдің дыбыстық ерекшелігіне сай етіп, ұлттық әліпби түзеді. Сол әліпби араб тіліндегі көптеген қолжазбалардың тылсым сырына үңілуге мүмкіндік беріп, халықтың руханиятын асқақтатып,санасын сәулелендірді. Қорыта айтқанда, төте жазу – тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы, «қойыртпақ тіл» жасауға кедергі болатын тұсау, қазақ жазуының негізі, рухани тұғыры бола білді.
Мақалада қазақ тілі жазуының лингвистикалық аспектісі қарастырылады. Автор қазақ әліпбиінің тарихына шолу жасайды. Қазақ тілі жазу тарихының даму кезеңдерін атап көрсетеді. Мақалада емледегі өзгерістердің тарихи және лингвистикалық себептері талданады. Қазақ орфографиясындағы негізгі принцип айқындалады. Қазақ жазуындағы аудара отырып, әсіресе, олардың ішінде сөздерді бөлек не бірге жазылатын сөздердің формалды және семантикалық белгілеріне тоқталады. Фонетикалық принциппен жазылатын сөздерге түсініктеме беріледі. и, у әріптерімен жазылатын сөздердің тасымалдануы, бас әріптің қызметі, қазақ жазуындағы үндесім заңының көрінісі сөз етіледі.
А мәтіні – қазақтың тұңғыш әліпбиі тарихы туралы, ә мәтіні – тіл білімінің фонетикалық принциптері туралы
А мәтіні – араб графикасындағы көптеген қолжазба, естеліктер туралы, ә мәтіні – сөздердің семантикалық белгілері туралы
А мәтіні – араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы еместігі туралы, ә мәтіні – сөздердің тасымалдануы туралы
А мәтіні – араб графикасына негізделген әліпбидің маңызы туралы, ә мәтіні – қазақ әліпбиіндегі жазу нормалары туралы
ZERO.KZ
ответ:1.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.
2.Ойынға тиын алынады. Немесе тиынның орнына кез келген қорғасын, металл, пластинкалар алуға болады, содан кейін ұзындығы 6-7см бір уыс жүн алынады, Негізінен ешкінің жүнінен алады, бірақ кез-келген жануардың жүнін де алуға болады. Содан кейін алынған жүн ойыққа кигізіліп, арғы жағынан желімделіп, немесе басқа жолдармен бекітіледі. Сондай-ақ қой,сиыр т.б. хайуанаттардың жүні қырқылмаған терісін 6-7см диаметрде дөңгелектеп кесіп алып, тиынға, қорғасынға немесе металл пластинкаға бекітуге болады.
Объяснение:
1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.
Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:
- Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.
Бөлтірік: «Иә», - деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.