Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелерді тобылғы басқан. Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің иісі келеді.
Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағаннаң ортасында терең құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім, ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті.
... Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.
Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды... .
Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді.
Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.
2-мәтін
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып, жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.
Үй ішінен шықпайды.Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады.Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.
Жаз ортасында жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп, жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағындай емес, бәсеңдеу. Ауылдағы өзіғұрпы күшіктерден сонша үлкен емес.
Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды.
Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді.
Сұрақтарға жауап беріп, кестені толықтырыңыз.(ответьте на вопросы и заполните таблицу.)
Оқиға қай жерде болды?
Тұтқыншы болып кеткен не?
Тазыны кім асырап алды?
Қарадыр еліндегі мазасыздық ? (ауыл адамдарының зардабы)
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. ( Определите тему и идею произведения.)
Тақырыбы: Идеясы
Берілген екі мәтінге ортақ тақырыпқа эссе жазыңыз. «Қоршаған орта – тіршілік көзі» (Напишите эссе на общую тему в двух предоставленных текстах.)
НАДО
Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.
Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын,
Объяснение: