Колибри (trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі солтүстік және оңтүстік америкаөңірінде кеңінен таралған. денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 – 20 г-дай. жер бетіндегі ең ұсақ құстар. қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, алмекиендерінің түсі біркелкі болып келеді. тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді. жүрегі үлкен әрі қанның құрамындағы гемоглобинніңмөлшері де көп.
Алдар Көсе - менің ең сүйіп оқитын ертегімнің бірі. Бұл ертегінің басты кейңпкері кедей мен жарлылардың қамқоршысы туралы. Ол сараң, бай адамдарды алдап, келемеждеп, күлкіге айналдырып, тақырға отырғызып кетеді. Сөйтіп жүріп, ол өзі де бай болуға талпынбайды. Керісінше өзі секілді "жоқ" адамдарға көмектеседі. Ертегі арқылы сараң, тар адам болудың еш пайдасы жоқ екенін көреміз. Керісінше бір-біріне қол ұшын беріп жүру керек. Сонда өзгеден өзің де көмек күте аласың. Сараң, байлардың орнында болсаңыз, байлықтан көз байланып, алданып жүргеніңіз.