Қара сөз (проза) - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы - онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөз саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей қандай да белгілі өлшемдер сақталмайды. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады. Сөйтіп, әдебиетте өлең мен қара сөздің бір-біріне қарағанда жасалу жолдары да, мәні де, әсері де өзгеше келеді. Біраз уақыт поэзияға қарағанда қара сөз көркем шығармаға жатпайды дегендерде болды. Қара сөздің нақты сөз өнері екені орыс әдебиетінде Пушкин заманында терең таныла бастады. Расында поэзияға қарағанда қара сөздің кеш дамығаны белгілі. Сөйтсе де, ежелгі және орта ғасырда оның алғашқы белгілері болған. Ертегі, аңыздар қара сөз түрінде туған.
Кейін өлең-жырлардан қалыспай, қара сөзбен жазылған драма дүниеге келді. Мұның өзі әдебиеттің жаңа құбылысын танытумен бірге, сөз өнеріндегі сыртқы формалық және ішкі мазмұндық өзгерістерді де дүниеге әкелді. Кейде көркем сөз қара сөздің ауызекі әңгімеден, немесе жазба сөзден айырмасы шамалы деген пікірлер айтылған. Алайда, зерттеушілер пікіріне қарағанда және көркем сөз өнерімен айналысатын шеберлердің айтуына қарағанда, өлгіндей пікірлердің біржақты екені байқалады. Қара сөзбен жазылған шығарманың көркемдік қуаты ерекше көрінеді. Ойлау, бейнелеу, суреттеу арқылы қара сөздің ішкі мәні ашылады. Жазушы шығармасын оқи отырып, қара сөздің тапқыр да, ұтқыр қолданғанының куәсі боламыз. Жинақтап айтқанда, қара сөз арқылы эпикалық жанрлар туындайтынын байқаймыз. Арғы-бергі әдебиет классиктері көркем сөз арқылы адамзаттың рухани азығы боларлық туындылар жазып қалдырған. Әңгіме, повесть, роман-эпопеялар қара сөздің тікелей жемісі болып табылады. Абайдың қара сөзінің өзгешелігі бар, ол нақыл әңгіме түрінде алынған. Қара сөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Ал қазіргі заманғы жазба әдебиетті алсақ, роман, повесть, көркем әңгіме сияқты алуан түрлі прозалық жанрлардың сөз өнерінің аса құнды, өнімді саласы ретінде жан-жақты дамып келеді.[1]

Объяснение: