В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
mixpix
mixpix
27.04.2020 08:46 •  Қазақ тiлi

Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай ақын ұсынған шешу жолдары​

Показать ответ
Ответ:
Babl11
Babl11
07.03.2022 02:35

Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған.

« «Жалғыз ғана қазақ арасында емес бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Македониялық Александр.» »

Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македониялық» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.

Осы Зұлқарнайын, яғни Македониялық патша да қазақ даласын жаулап алуды қалаған. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Ескендір осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді. Археологтар қазба жұмысын жүргізіп көргенде жер қыртысынан Ескендір заманынан бұрынғы дәуір мәдениетінің де бұйымдары кездескен. Мүмкін ол бұрынғы Кирополистың қалдығы болар. Біздің осы бір Сырдария өзенінің бойына салынған Александр қаласының тарихын тәптіштеп жатқанымыздың да сыры бар. Өйткені, Ескендір жорығының қазақ даласына қарай жасаған бағыты осы маңнан онша қашыққа бармаған. Бұл ең шеткі қаласы еді. Ал басқалары Ариялық Александрия (Герат), Окс өзеніндегі Александрия (Термез немесе Куляб маңында), Маргиланиялық Александрия (қазіргі Байрам Али) Бақтра қаласының маңындағы Александрия, т.б.

Ескендірдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330 – 400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Ескендір жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Ескендірдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да Парапамизусты Кавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезінде Страбон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Ескендір жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Ескендірдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді. Оның үстіне Кавказды атап отырғаны баяғы ежелгі дүние тарихында от иесі Прометейдің сол заманда жердің шеті саналатын Кавказ тауында құрсауланып тасталғанын есте сақтау керек. Осылайша Ескендірдің абыройын артқыза түспек болған.

Дәл осындай қатені Ескендір тарихын жазған тарихшылардың ішінде Арриан да жіберген. Ол өз еңбегінде бұл өзеннің Дон емес екенін дәлелдей отырып, атын Танаис деп жазып, бастау алатын жерін Кавказ таулары деген. Ал кей жерлерінде өзеннің атын бірде Орксантес, бірде Оксиартес деп те атаған.

Страбон осы жазушының қасақана жасаған қателігін анық дәлелдеп берумен қатар Сырдария өзенін Яксарт деген атаумен атап, Үндістан жерінен бастау алып, соғдылықтар мен көшпелі скифтердің шекарасы болып ағып жатқанын, бұл өзен Персия елінің қиыр шеті екенін әрі Ескендір күйреткен Кирополис қ-ның осы өзеннің бойында болғанын айтқан. Страбон өз еңбегінде көшпенді скифтердің негізгі тайпалары ретінде сақтарды, дайларды, массагеттерді айтады. Ал Птолемей Сырдарияны Яксарт деп атап, ол үш иеліктің – сақтар, соғдылықтар және скифтер жерін суландырып жатқанын дәлелдеп, Сырдарияның солтүстік бетін жайлағандар саны көп халық яксарттар еді дейді.

Осы бір дауларды шешуге өз үлесін қосқан, қызғыштай қорғаған орыс ориенталисі, «қазақ тарихының Геродоты» аталып жүрген Алексей Ираклиевич Левшин осы жұмбақтарға мынадай үлес қосты.

0,0(0 оценок)
Ответ:
нмрмгштщ
нмрмгштщ
15.12.2022 06:10

Тарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып, а ң өткен тарихын жазады. Ендеше, адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз.КӨНЕ ТАРИХТЫҢ КУӘСІ БОЛҒАН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесi тек ортағасырлық сәулет өнерiнiң керемет туындысы ғана емес, сол сияқты ортағасырлардан сақталған бай тарихи мұраларды сақтап отырған киелi орын ретiнде де тарихта белгiлi орны бар ескерткiш. 1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде ашылып халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болған.

Әмір Темір дәуірінен сақталған жәдігерлер қатары: келген адам ғимарат ішіне кіретін есіктерден бастау алады. Жәдігер есіктер жамағатхана бөлмесінің есігі «Қақпа» және Қабырхана есігі «Қапсырма». Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік мән-мағынасын арттыру үшін оған символдық мәнге ие ою-өрнектер, терең мағыналы хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуіне көңіл бөлген. Есіктер екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей-өрнектермен өрнектелген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы тозып жойылған. Қақпа есіктің орта бөлігінде есікті қағуға арналған екі қола алқа мен оларды орнататын топса-тұғырлары бар тік төртбұрышты тақташалар орналасқан.

Осындай танымал ескерткіштер көне замандардан біздің заманымызға дейін жетті. Қорыта келгенде, біздің мақсатымыз ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жәдігерлерді сақтап қалу, және одан ары қарай өзіміздің де ұрпақтарымызға жеткізу деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота